Шымкентте екпеден бас тартушылар саны азайған

281

Шымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің Абай ауданы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасында «Жұқпалы аурулардың алдын алуда екпелердің маңызы жəне бас тарту мəселесі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге емдеу-профилактикалық мекемелерінің басшылары, эпидемиологтары, иммунологияға жауапты мамандары, сонымен қатар егуден бас тартушы ата-аналар қатысты.

Дөңгелек үстел екпеден бас тартушы ата-аналарға екпенің маңызын және егуден бас тартудың қауіп салдарлары туралы түсіндіру мақсатында өткізілді.

Атап өту керек, Шымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті және оның аумақтық басқармаларымен екпеден бас тартушылар арасында түрлі санитариялық-ағарту және түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, емдеу мекемелерінде иммунолог, эпидемиолог, психолог, социолог мамандардан тұратын консультативтік топтар жұмыс жасауда. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде Шымкент қаласында былтырғы жылғы статистикамен салыстырғанда екпеден бас тартушылар саны азайған. Яғни, 2018 жылдың есептік кезеңінде бас тартушылар саны 647 болса, ағымдағы жылдың есептегі кезеңінде бас тартушылар саны 588 болып отыр.

Осы орайда, «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген бабаларымыздың өсиетін еске сала отырып, мамандар қала тұрғындарын Қазақстан Республикасының Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес жұқпалы ауруларға қарсы екпелерді толық және уақтылы алуға шақырады.

 

QAINAR KÓZШымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі