Úı ANONS Білім гранттарының нәтижесі жарияланды

Білім гранттарының нәтижесі жарияланды

фото ortcom.kz

Еліміздің түкпір-түкпіріндегі мыңдаған талапкер тағатсыздана күткен – жоғары білім беру грантының нәтижелері жарияланды. Бұл – жай ғана тізім шықты деген хабар емес. Бұл – мыңдаған армандардың таразы басына түскен сәті. Сонымен, арманға жолдама — қанша түлекке бұйырды.

Экранға телміріп грант нәтижесін күткен талапкер аз емес. Себебі мектеп қабырғасынан үлкен өмірге қадам басқан жас буын үшін бұл нәтиженің маңызы зор. Кейбіреуі үшін бұл – алғашқы жеңісі, ал басқалары үшін қайта көтерілуге берілген жаңа мүмкіндік. Бәйгеден аты оза шапқан жіңімпаздың бірі — Режеп Нұрғали. Ол призиденттік олимпиадаға қатысқан. Ал қалалық деңгейде 1 орынды иеленген. Болашақ Менеджмент 135 балмен тегін оқуға мүмкіндік алды. Айтуынша бала күнінен осы салаға бейім болған.

Режеп Нұрғали, Мемлекеттік грант жеңімпазы: «Бала кезімнен математикаға, проблеманы шешуге бейім едім. Және отбасымызда кәсіпкерлер. Соның барлығын қамтитын бір мамандықты таңдағым келді. Сол үшін 10 сыныпта бизнесмен боламын деп шештім. Және бизнес менеджментті таңдадым. 135 алғанымда реакция қуанышымда шек болмады. Өзім ондай бал аламын деп ойланбадым. Сәттілік жар болды деп айтсам болады. Өте қуанышты болдым. Ата-анам барлық достарына, туыстарына мақтанып балам 135 бал алды деп айтып шықты».

2025-2026 оқу жылына 77 мыңнан астам грант бөлінді. Оның басым бөлігі, 60%-ы техникалық бағыттағы мамандықтарға, 20%-ы педагогикалық мамандықтарға, ал қалған 20%-ы қажеттілікке байланысты әртүрлі салаға жіктелді. Және «Серпін» бағдарламасымен 2000 астам және тұңғыш әскери борышын өтеп келгендер үшін 2000 грант бөлінді.

Оған қоса конкурста мынадай квоталар назарға алынды.

Саясат Нұрбек, Ғылым және жоғары білім министрі: «Жетім қалған балалар толыққанды квота игерілді. Әлеуметтік осал таптардан шыққандарды бөлек арнайы квотамен қолдайтын болдық. Оларға да 100 пайыз. Тағы бір сүйінші жаңалық биыл Серпін бағдарламасының аясында тарихи рекордымыз. Өткен жылы, 3-4 жылда 40-50 пайызға ғана жетуші еді гранттар игерілуі. Біз былтып отырып толыққанды кретийлерді жаңадан жасап шықтық. Былтыр 67 пайыз болса биыл 83 пайыз игерілді».

Грант – үлкен мүмкіндік, бірақ жалғыз жол емес. Бұл додада қалаған баллға қол жеткізе алмаған түлектер де бар. Білім министрі олардың да білім алуға мүмкіндігі барын айтты. Әкімдік, ректорлық, тіпті жұмыс берушілердің өз гранттары қарастырылған. Одан өзге 300 сараланған грант педагогикалық және жаратылыстану бағытына бөлінбек. Ал нәтижесі қыркүйекте шығады. Демек, талпыныс барда – таңдау да бар.

Бота Әнуар

×