GRAMAD: Баланы мектепке дайындау арзан, жылдам әрі ыңғайлы

Жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауы жақындаған сайын ата-аналар үшін қарбалас кезең де басталады. Дәптер мен қалам, сөмке мен мектеп формасы – бәрі баланың болашағына арналған маңызды дайындықтың бөлшегі. Осындай сәтте бәрін бір жерден, тиімді бағада сатып алуға болатын дүкендер – ата-ана үшін тиімді. Уақыт пен қаражатты үнемдейді. Ал мұндай дүкендер бар ма?

Қоңырау әзірге мектептен естілмесе де, көпшіліктің көңілі ендігі жаңа оқу жылында.
Ата-аналар мектепке дайындықты бастап та кетті. Мектепке керек-жарақтың тізімі ұзақ, ал уақыт қысқа. Осы себептен басым бөлігі уақытты да, ақшаны да үнемдеу үшін барлығын бір орыннан алғанды жөн көреді. Мұндай дүкендердің бірі – Грамад. Сауда орнында кеңсе тауарларынан бастап сөмке мен киімге дейін – бәрі бар. Бұл әсіресе бір отбасыдан бірнеше оқушы мектепке баратын жағдайда тиімді.

Зияш Үсіпова осындай отбасының мүшесі. Оның 5 немересі бар. Үшеуі мектепке барып жүр, ал біреуі биыл 1-сыныпқа енді барады. Ол немерелеріне қажетті заттарды бірден бір жерден алуды жөн көріп, дәл осы дүкенді таңдаған. Айтуынша, ол дүкеннің тұрақты тұтынушысы.Бағалары тиімді дейді.

Зияш Үсіпова, тұтынушы: «Мен бұл дүкенге жиі келемін. Бүгін де немерелерім үшін осы дүкенді тақтадым. Менің үш немерем мектепке барады, ал төртіншісін биыл 1 сыныпқа береміз. Мұндағы заттар ұнап жатыр. Бағасы да қолжетімді, сапасы да жақсы. Жеңілдіктері де бар екен. Таңдау жасау үшін де өнімдердің сан алуан түрлері бар».

Мектепке дайындық үшін сауда орындары да қызу жұмыс атқарып жатыр. Оның бірі — Грамад. Кейіпкер айтқандай мұнда оқу маусымына арналған өнім топтамалары кең.
Одан бөлек «Грамад» дүкенінде мектепке қажетті құралдар дүкен сөрелерінде жүйелі тұтынушыға ыңғайлы етіп орналастырылған. Балаға қажеттіні қиындықсыз бірден тауып алуға болады. Әрі дәптерден бастап сөмкеге дейін — сапа мен қолжетімділікке көңіл бөлінген.

Камила Самарина,  Кеңсе тауарлары бөлімінің ассистент-менеджері: «Бізде кеңсе тауарларының таңдауы өте үлкен. Балаңызды мектепке немесе ол студент болса да жаңа оқу жылына дайындай аласыз. Міне, бізден дәптер, күнделік, қалам – бәрін табуға болады. Сонымен қатар, сөмкелердің де саны көп. Әрі біз 20-45% дейінгі жеңілдіктер ұсынамыз».

Күз жақындаған сайын, сұраныс артады. Ал «Грамад» дүкендер желісі сатып алушылар артық шығын мен уақытын жоғалтпауы үшін жағдай жасаған. Мектепке дайындық – маңызды кезең. Ал оны жеңіл әрі тиімді өткізуге мүмкіндік беретін осындай дүкендер ата-аналар үшін үлкен көмек. Ең бастысы – бала толық дайын, ал ата-ана уайымсыз.

Бота Әнуар