Көлігіне қызыл-көк түсті жарықшамдар орнатқаны үшін айыппұл арқалады

фото ТОПД
Түркістан облысында полиция әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында жол қозғалысы ережелерін бұзған көлікті анықтады. Полицейлер әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Төлеби ауданы көшелерінің бірінде мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз және қызыл-көк түсті жарықшамдар орнатылған ВАЗ автокөлігін анықтады.
Полиция қызметкерлері Д.Өмірзақов пен Б.Махатов ВАЗ автокөлігінің жүргізушісінің жеке басын анықтап, оны жол ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартты. Көлік айыптұраққа қойылды.
Жүргізушіге қатысты мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінсіз көлік құралын басқарғаны және арнайы жарық және дыбыс сигналдарын пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін хаттама толтырылды.