Мектеп әр бала үшін қауіпсіз жер болуы тиіс

фото ШӨКҚ

 


Зорлық-зомбылыққа, әлімжеттікке, яғни буллингке, қатыгездік пен озбырлыққа мүлде жол берілмеуі керек. Соңғы екі жылда өскелең ұрпақтың құқығын қорғау үшін нақты шаралар қабылданды. Атап айтқанда, кәмелет жасына толмағандарға қатысты жасалған кез келген зорлық-зомбылық үшін берілетін жаза қатайды, Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің құзыреті кеңейді.

Сондай-ақ тағы бір өзекті мәселе — балалардың өз-өзіне қол жұмсау жағдайларының, яғни суицидтің алдын алу бойынша жүйелі жұмыс істеліп жатыр. Еліміздегі барлық мектепте «111» психологиялық қолдау қызметінің QR-коды орнатылды.

Жуырда өткен мұғалімдердің Тамыз конференциясында Президент мектеп әр бала үшін қауіпсіз жер болуға тиіс екенін де айтты.

«Зорлық-зомбылыққа, әлімжетікке, яғни буллингке, қатыгездік пен озбырлыққа мүлде жол берілмеуі керек. Кейінгі екі жылда өскелең ұрпақтың құқығын қорғау үшін нақты шара қабылданды. Атап айтқанда, кәмелет жасына толмағандарға қатысты жасалған кез келген зорлық-зомбылық үшін берілетін жаза қатайды, Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің құзыреті кеңейді. Сондай-ақ тағы бір өзекті мәселе. Балалардың өз-өзіне қол жұмсау жағдайларының, яғни суицидтің алдын алу бойынша жүйелі жұмыс істеліп жатыр. Еліміздегі барлық мектепте «111» психологиялық қолдау қызметінің QR-коды орнатылды. Жаңа оқу жылынан бастап мектептер мен колледждерде әлімжеттікке, буллингке қарсы «ДосболLIKE» атты бағдарлама іске қосылады.

Негізгі мақсат – балалар мен жеткіншектер арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу. Бұл бағыттағы маңызды жұмыс тоқтамайды, жасөспірімдердің құқығы мен мүддесін қорғау мәселесі әрдайым мемлекет назарында болады. «Не ексең, соны орасың» деген. Қазір біз бір қоғам болып жас ұрпақтың бойына қандай құндылықтарды сіңірсек, ертең ондаған жылдан кейін ұлтымыздың сапасы да сондай болмақ. Әділетті, Озық, Таза, Қауіпсіз және Қуатты Қазақстанның іргесі мектепте қаланады», – деді Президент.

Жаңа оқу жылынан бастап мектептер мен колледждерде әлімжеттікке, буллингке қарсы «Досбол | KE» атты бағдарлама іске қосылады. Негізгі мақсат — балалар мен жеткіншектер арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу. Бұл бағыттағы маңызды жұмыс тоқтамайды, жасөспірімдердің құқығы мен мүддесін қорғау мәселесі әрдайым мемлекет назарында болады.