Мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: қоғам сенімінің негізі

фото edunews.kz

Сыбайлас жемқорлық — кез келген мемлекеттің дамуына кедергі келтіретін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектейтін ең қауіпті әлеуметтік құбылыстардың бірі. Әсіресе, мемлекеттік қызмет саласында жемқорлықтың орын алуы — қоғам сеніміне үлкен соққы болып табылады.

Сыбайлас жемқорлықтың салдары

— Заң үстемдігінің бұзылуы

— Азаматтардың мемлекетке деген сенімінің төмендеуі

— Экономикалық тұрақсыздық

— Әлеуметтік теңсіздік пен әділетсіздік

Неліктен мемлекеттік қызметте бұл мәселе маңызды?

Мемлекеттік қызметкер — ел мен халық арасындағы сенім көпірі. Оның әрбір шешімі, әрекеті заңға негізделуі керек. Егер бұл сенім бұзылса, бүкіл басқару жүйесіне күмән туындайды.

Мемлекеттік органдар, ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілері өз қызметінің ашықтығын арттырып, олардың үлесін қоғамдық бағалау жүйесін қолдай отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді рөл атқаруға шақырылады.

Осы бағытта Әл-Фараби ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының 2025 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспары бекітілді. Жоспарға қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдерін анықтауда үнемі ішкі талдау жүргізуге, қолданыстағы заңнамалардың, нормативтік құқықтық актілердің талаптарының сақталуын қадағалауға және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған кешенді шаралар кіреді.

Аталған шаралар аясында басқарма мамандары құқықтық оқудан өтіп, заңнамалардағы өзекті өзгерістермен танысып, құқықтық нормаларды сақтауға бейімделеді. Құқық қорғау мәселелері басшының қатысуымен өтетін жиналыстарда, апталық мәжілістерде, семинарларда кеңінен айтылады. Халықпен өзара іс-қимылды күшейту және ықтимал құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін басқармада «сенім телефоны» жұмыс жасайды, оны бұқаралық ақпараттық құралдар және әлеуметтік желілерде үнемі жариялап отырады. Басшы мен басшы орынбасары бекітілген кестеге сәйкес жеке және заңды тұлғалармен жеке қабылдау өткізеді. Күні мен уақыты көрсетілген кесте бұйрықпен бекітіліп, басқарма ғимаратының көрнекті жерге ілінген.

Мемлекеттік қызмет көрсету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Әдеп кодексі нормаларының бұзылуы мәселелері бойынша азаматтар Шымкент қаласы, Тұран ауданы, Абай даңғылы, №37А мекенжайына жүгіне алады. Басқарманың сенім телефоны: 8 (7252) 35-01-63.

Мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл — ел дамуының, заң үстемдігінің және халық сенімінің кепілі. Әрбір қызметкер адалдықты ту етіп, өз ісіне жауапкершілікпен қарауы тиіс.

Б.С.Амантай,

Шымкент қ., Әл-Фараби ауданының СЭББ бөлім басшысы