Түркістан облысының ҚІЖМА соты К., Е., И., А., және М.-ге қатысты қылмыстық істі қарады. К., ., М., және Е. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 264-бабының 1, 2-бөліктерімен, ҚК-нің 197-бабының 4-бөлігі 1),2) тармақтарымен, ҚК-нің 234-бабының 3-бөлігі 2-тармағымен айыпталған. Яғни — трансұлттық ұйымдасқан топ құру, оған басшылық ету, қатысу; аса ірі мөлшерде мұнай өнімдерін иемденіп, сақтап, тасымалдап өткізу; мемлекет шекарасынан мұнай өнімдерін ірі мөлшерде заңсыз тасымалдау, өткізу бойынша істі қарады.
2024 жылдың шілде айында сотталушы К. материалдық жағдайын заңсыз жолмен жақсарту мақсатында, Өзбекстан Республикасында бензин өнімінің бағасы қымбат екенін біліп, өзінің бұрынғы танысы Өзбекстан Республикасының азаматы Р.-пен бірге сөз байласып, трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оған өзі басшылық етіп, Е., И., А., М.-ді және жеке басы анықталмаған ӨР-ның азаматтарын топ мүшелері ретінде қатыстырып, оларды жүйелі түрде басқару мақсатында, қажетті рөлдерге бөлген.
Сотталушылар мен жеке басы анықталмаған ӨР-нің азаматтары Сарыағаш ауданы, Сарқырама ауылында орналасқан қоражай ішінен ұзындығы 375 ш/м жер асты құбырын бір бөлігін бұрғылау тәсілмен ӨР аумағына екінші бөлігін жеткізіп, 2024 жылдың тамыз-желтоқсан айларында нарықтағы орташа бағасы 112 млн. 512 мың теңге құрайтын 420, 340 тонна АИ-92 маркалы бензин мұнай өнімін кедендік бақылаудан тыс контрабанда жолымен шекарадан заңсыз өткізген.
Прокурор –К.-ға жалпы 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын, Е., И., А., М.-ге 12 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Сотталушылар тағылған айыппен келіспей, ақтауды сұрады. Сот, сотталушыларға жаза тағайындау кезінде, олардың қылмыстық жауаптылықтарын жеңілдететін мән-жайға жас балаларының болуын таныды, ал ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.
Қылмыстардың жиынтығы бойынша К.–15 жыл мерзімге, И., А., М., және Е.- 13 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазалары тағайындалды. Тінту кезінде алынған 3 млн. теңге, 16 мың литр АИ-92 маркалы бензин өнімі, маркасы “ЗИЛ” және“ГАЗ” жүк көліктері — мемлекет пайдасына тәркіленді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.