«Дендропаркты құтқару керек». Осылай деген қоғамдық кеңес мүшелері, қаладағы басты демалыс орнының халі мүшкіл екенін айтып дабыл қақты. Айтуларынша, ондағы ағаштар тағы бір жыл сусыз қалса, қурап қалмақ. Ал, жауапты басқарма башысы, көгалдандыру мәселесіне ден қойып жатырмыз дегенімен, жиынға қатысушылардың сұрақтарына мардымды жауап бере алмады.
«Үшінші мегаполисті жасыл желекке айналдырып, қаланың көркіне сән беру үшін 1,5 млн. қызғалдақ ектік. Таза Қазақстан акциясына белсене араласып, санитарлық талаптарға ден қойдық» деген басшының сөзі қоғамдық кеңес мүшелеріне ұнамай қалған сыңайлы. Жиынға қатысушылар тарапынан, Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысына сан түрлі сұрақ қойылып, сусыз қалған ағаштарды құтқаруды сұрады.
Өмір Шыныбекұлы, Қоғамдық кестің мүшесі: «Әңгіме дендропаркты құтқару туралы. Енді бір жыл тұрса, дендропарктен айырыламыз. Су мәселесі бар. Сосын ішіндегі кітапхана. Құрылысы біту керек еді. Ол айрап-жайрап жатыр. Берденовты атып кеткені үшін тоқтатып қойыпты. Ол не деген жұмыс? Бір адамның тағдырына, денсаулығына қарап тұр?».
«Біздің фонтандар күн шығар кезде істеп тұрады да, қапырық болған кезде өшіп қалады. 109 — ға звондадық. Екінші мәселе, бір жылдық дана, гүлдер депсіздер. 4 күндік қызғалдақтар кімге қажет?».
Қоғамдық кеңес мүшелерінің бұл сұрақтары жауапсыз қалды. Есесіне, қалада тұқымбақ ашып, гүлдерді өзімізде өсіргелі жатқанын естіп қуанып қалдық. Алдағы уақытта млн-дап шетелге шашылған ақша, өзіміздің кәсіпкердің қалтасында қалмақ.
Әбдез Рахманұлы, Қоғамдық кеңестің мүшесі: «Тұқымбақ ашсақ деген жоспар болды ма?
— Бізде кәсіпкер бар. Қызғалдақ тұқымын теплицада егіп, өзі дамытуға әрекет етіп жатқан. Соңғы үш жылда сол кісімен жұмыс жасап жатырмыз. Әлі нақты бір жұмысын алға қоя алмай отыр. Жылыжай берейік, жер берейік деп. Ол қазір жұмысын реттеп алсын. Сосын соны алсақ деген жоспарымыз бар».
Бұдан бөлек, дендросаябаққа кіру ақысына қатысты мәселе көтерілді. Қоғамдық кеңес мүшелері ақылы саябақтың ақшасы кімнің қалтасында кеткенін сұрап басшыны тағы да тығырыққа тіреді.
Әбілқайыр Оңғар, Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы:
«Дендропаркке кіріп шығу 100 теңге болды. Ал, 100 теңге көтеру мәселесі, ол жерде зейнеткерлерге, оқушыларға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, көп балалы аналар тегін қылдық. Ол жерге келетін адамдардың саны 10 мыңға жуық. Оның ішінде ақшаны төлеуге кіретіні 30-40 пайыз».
СҰРАҚ: «Ақша қайда кетіп жатыр? Кьюар код қойып қойған. Оны қолма қол ақша бере сал, бере сал деп жатыр».
ЖАУАП: «Камера бар. Ол жерде. Назарға алынды. Кьюар код болған соің, сол жақа түсіп отырады».
Жиын соңында басшының есебі қайта тыңдалатын болып тарқасты. Өйткені, тірлігі тындырымды болмай отыр дейді кеңес мүшелері.
Нұргүл Жолымбетова