Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша прокуратура органдары инвесторлардың құқықтарын жүйелі және тиімді қорғауға, маңызды жобалардың іске асырылуын барлық кезеңдерде сүйемелдеуге бағытталған.
Осы жұмыс аясында Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының прокуроры мақта, аралас және тігін маталар өндірісі бойынша инвестициялық жобаны іске асырып жатқан «Шабитекс» ЖШС ұжымымен жұмыс кездесу өткізді (инвестициялардың жалпы көлемі 1,9 млрд теңгеден асады, 120 жаңа жұмыс орнын құру көзделген).
Кездесу барысында инвестормен Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитеті (бұдан әрі – Комитет) тарапынан бұрын жеткізілген өнім үшін берешегі туралы проблемалық мәселе айтылды.
160 млн теңге мөлшеріндегі берешек салықтық бересінің пайда болуына және кәсіпорын қызметінің тұрақтылығына қауіп төнуіне әкелді.
Қала прокуратурасының араласуынан кейін Комитет берешекті толық көлемде өтеді.
Түскен қаражат кәсіпорынға салықтық міндеттемелерін уақтылы өтеуге және жоспарлы режимде жұмысын жалғастыруға мүмкіндік берді.
Бизнес субъектілері өзекті мәселелер туындаған жағдайда кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі байланыс орталығының +77076150010 нөміріне немесе Фронт-офиске (Шымкент қаласы, Ерімбетов көшесі, 304 г, Заңғар бизнес орталығының ғимараты) хабарласа алады.