Қораз төбелесін ұйымдастырып, 500 мың теңге айыппұл арқалады

Сурет natureworld.ru
Шымкент қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Т.-ға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің  444-бабының 1-бөлігімен (құмар ойындарға қатысу, тарту немесе рұқсат беру) әкімшілік іс қаралды.
 
Т. 2025 жылғы 15 маусымда Шымкент қаласында белгіленбеген жерде, тиісті рұқсатсыз, әтеш төбелестіріп, төбелес алаңын ұйымдастырған.

Құқық бұзушылық туралы хаттамамен, куәгерлердің түсініктерімен және оқиға барысы түсірілген бейне-таспамен дәлелденді
 
Сотта Т. өзінің кінәсін мойындап, өкінетінін, заңды білмегендігін, алдағы уақытта аталған заңсыздықты қайталамайтынын айтып, соттан қатаң жаза қолданбауын сұрады.
 
Сот, Т.-ны ӘҚБтК-нің 444-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, ойын құралдары, ақша, заттар және өзге де құндылықтар тәркілей отырып, ӘҚБтК-нің 829-11-бабының 2-бөлігінің негізінде 30 пайызға қысқартып, оған 550 480 теңге айыппұл жазасын белгіледі. Сот қаулысы заңды күшіне енген.