Шымкент: Құрылыс, жол салаларының қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

фото ШӨКҚ



Елімізде тамыз айында құрылыс және жол салалары қызметкерлерінің кәсіби мерекелері аталып өтеді. Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков мегаполистің дамуына үлес қосып жүрген мамандарды құттықтап, Қазақстан Республикасы Президентінің атынан мемлекеттік наградалар — ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттап, үздік қызметкерлерге алғыс хаттар табыс етті. Жол саласында, құрылыс саласында қаншама жылдардан бері үздіксіз тер төгіп жүрген жандар құрметке бөленді.

Шымкент қаласы басшысы сала мамандарының орасан еңбегіне тоқталып, қызметкерлердің жоғары кәсіби біліктілігін, жауапкершілігін атап өтті. Олардың күш-жігерінің арқасында қалада жаңа тұрғын үйлер, әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар бой көтеруде Бұл игілікті істер халықтың жайлы өмір сүруін қамтамасыз етуде.

Шымкентте республикалық маңызы бар қала мәртебесін алғаннан бері 4,5 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй бой көтерді. Биылдың өзінде 1,37 миллион шаршы метр тұрғын үйді ел игілігіне тапсыру жоспарлануда. Өткен жылы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 11 жаңа мектеп пен 2 оқушылар сарайы пайдалануға берілді. Сонымен қатар 17 білім беру нысаны мен бірқатар әлеуметтік ғимараттың құрылысы қарқынды жүргізілуде.

Жол-көлік инфрақұрылымын дамытуда да ауқымды жобалар іске асуда. Жыл сайын орта есеппен 250 шақырым жол жөнделсе, биыл бұл көрсеткіш 1 059 шақырымға жетеді. Шымкент жаңа өркениет биігінде қарыштап дамуы үшін ең алдымен жол инфрақұрылымын дамыту мақсаты тұр. Мақсат ойдағыдай орындалып та жатыр. Дұмыстар жоспарлы түрде жүргізілуде. Бұл салаға үлкен жауапкершілік жүктелген. Шымкент қаласы үшін ең маңызды мәселенің бірі — жол сапасы мен инфрақұрылымды дамыту. Соңғы әлетте Шымкент қаласында жол салу жұмыстары қарқынды түрде жүзеге асырылуда. Осыған орай, соңғы жылдары қалада жол құрылысы бұрын-соңды болмаған қарқынмен дамуда. Осы салада тер төгіп жүрген жандардың еңбегі расында да қандай мақтауыңызға да лайық.