Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысында «Соңғы жылдары елімізде құмар ойынға тәуелділік белсенді өршіп, кейбір отбасылар үшін үлкен қасіретке айналғанын» атап өтті.
Бұл дерттің жастар арасында таралуы олардың өмір салтына, қарым-қатынастарына және болашағына кері әсерін тигізуде
Шымкентте Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлімінде жеке құраммен профилактикалық кездесу өтті. Іс-шараны ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасының Шымкент бөлімінің тергеушісі, аға лейтенант Әлібек Шамидинов өткізді.
Кездесудің басты назарында әскери қызметшілер арасында лудоманияның (ойынға тәуелділіктің) және нашақорлықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру мәселелері болды. Кездесу барысында Әлібек Шамидинов құмар ойындар мен есірткі заттарын қолданумен байланысты тәуекелдер туралы хабардар болудың маңыздылығын атап өтті:
— «Лудомания мен нашақорлықтың салдарын түсіну — олардың алдын алудың алғашқы қадамы. Біздің міндетіміз — әскери қызметшілерді ақпараттандыру ғана емес, сондай-ақ осы зиянды құбылыстарға қарсы тұрақты ұстанымды қалыптастыру», — деп атап өтті ол.
Сондай-ақ, кездесу барысында тергеу тәжірибесінен тәуелділіктің тәртіпті бұзуға және тіпті қылмысқа қалай әкелетінін көрсететін нақты мысалдар келтірілді. Аға лейтенант Шамидинов әскери қызметшілер үлгі болуы керек және жаман әдеттерге бой алдырмауы керек деп атап өтті.
Әскери бөлім басшылығы атқарылған жұмысы үшін алғысын білдіріп, ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды сақтау үшін осындай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті. Тәуелділіктің алдын алу салауатты өмір салтын қалыптастыруға және тәртіпті нығайтуға ықпал ететін әскери бөлімшелердегі тәрбие жұмысының ажырамас бөлігі болып табылады.
Мұндай кездесулер әскери қызметшілердің тәуелділікпен байланысты тәуекелдер туралы білімін арттыруға ықпал етеді және өз денсаулығы мен қызметтік міндеттеріне жауапкершілікпен қарауды қалыптастыратыны сөзсісз.