Түркістанда бір жасар бала ауладағы әжетханаға құлап кетті

Түркістанда бір жасар бала ауладағы әжетханаға құлап кетті. Оқиға Талас көшесіндегі жеке тұрғын үйлердің бірінде болған. Төтеншеліктердің мәліметінше, жағдай болған сәтте бүлдіршіннің ата-анасы үйде болған. Ал балдырғанның дәретхана шұңқырына қалай түсіп кеткені белгісіз. Абырой болғанда, құтқарушылар дер кезінде келіп, баланы аман алып шықты.

Түркістан облыстық ТЖД баспасөз қызметі: “Құтқарушылар арнайы жабдықтар мен құралдардың көмегімен бір жасар баланы дала дәлізінен алып шығып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды”

Лаура Бабас