Шымкентте ата заңның 30 жылдығына орай мерекелік іс-шара өтті. Жиынға 750-ге жуық құқық қорғау, спорт, мәдениет саласының қызметкерлері қатысты. Әр сала белсенділері қала прократурасының алғыс хатымен марапатталды. Олар, салаға сіңген еңбегі мен жемісті жұмысының нәтижесі еленгеніне қуанышты.
Ата заң – еліміздің азат, тәуелсіз ел екенімізді айғақтайтын құжат. Биыл Конституцияның 30 жылдығына орай Шымкентте 750 — дей сала мамандарымен салтанатты жиын өтті. Жиында еңбегі еленген қызметкерлер үздік деп танылып, марапатқа ие болды. Олардың бірі, заң саласында 7 жыл еңбек еткен Берік Еркін. Ол, құқық қорғау саласына қосқан үлесінің елегенгені үшін рахметін жеткізді.
Берік Еркін, Қала прокурорының көмекшісі: «Осы құқық қорғау органдарының арасында өздерінің қала прокурорының және бас прокурорының алғыс хаттарымен марапатталды. Жалпы қала тұрғындарын келе жатқан 30 тамыз Контитуцияның 30 жылдығымен барлықтарыңызды құттықтаймыз. Барлықтарыңызға сәттілік, жұмыста табыс отбасыларыңызға бақыт тілейміз».
Шара аясында түрлі сала басшылары қала халқын маңызды күнмен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.
Сәрсен Құранбек, Қала әкімінің орынбасары: «Бүгінгі таңда осы адал азаматты, адал еңбек ететін, табыс табатын ,адал азаматты тәрбиелейтін әділетті Қазақстан құру жолында бұл конституция ұзақ уақыт қызмет етеді деп сенеміз. Президентіміз айтқандай, адалдық пен әділеттік егіз ұғым. Ал сол адалдықты да әділеттікті де қамтамасыз ететін, соны қадағалайтын соны жүзеге асыратын мына өздеріңіз екенін біз білеміз. Сондықтан бұл ерекше мейрам сіздерге де құтты болсын. Еліміз аман жұртымыз тыныш болып сіздерге табыс, отбасыларыңызға амандық, үйлеріңізге береке бірлік тілейміз. Еліміз жасай берсін».
Шынар Қаршығақызы, Шымкент қаласы прократурасының аппарат басшысы: «Бүкіл органдардан 2-2 адамнан өздері марапаттады сол өздері ұсынды. Сонымен қатар бас прокурордың бұйрығымен бізде құқық қорғау Әбдезов Нұржан соған арнайы Құттықтауды беріп жіберді. Жаңағы заң мен тәртіптің қағидасы бойынша бізде Шымкент қаласы ең көп іс-шаралар өткізген».
Мамандардың айтуынша, мұндай ата заңның маңыздылығын насихаттайтын іс-шаралар өскелең ұрпақты отан сүйгіштікке тәрбиелейді.
Ботакөз Әнуар