Жаңа жүйе көмекке шын мұқтаж жандарды анықтайды

Шымкентте халықтың әл-ауқат деңгейін анықтайтын пилоттық жоба жүзеге асырылуда. Жаңа жоба әлеуметтік қолдау шараларын әділ бөлуге бағытталған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлімдеді. Аталмыш бағдарлама көмекке шын мұқтаж қалай анықтайды? 

Енді Шымкентте халықты әлеуметтік жағдайына байланысты 6 санатқа бөлетін болады. Көмекті аса қажет ететін отбасылардан, әл-ауқаты жақсы жанұяларға дейін. Бұл шешім көмек барлығына бірдей емес қажеттілігіне қарай берілуі үшін қолданылған. Топтарға бөлу үшін азаматтардың табысына, мүлкіне, несиесі бар жоғы мен мүгедектік жағдайына қарайтын болады.

Жанат Утебаева, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы: «Үлгі 4 негізгі компоненттен тұрады. 1-ші материалдық жағдай. Бұл отбасының қаншалықты табыс табатынын, қандай ресурстарға ие екені анықталады.  2- ші материалдық емес факторлар денсаулық, білім тб . 3- ші тәуелді жүктем, Отбасы мүшелері жұмыс істейтіні бар,  істемейтіні бар.  4- ші жасырын табыстар, болуы мүмкін табыстар».

Бұл скорингтік жоба қосымша әлеуметтік қолдау шараларын тағайындау кезінде пайдаланылады. Атап айтар болсақ, мектептерде тамақтандыру, колледждер мен ЖОО студенттерін жатақханамен қамту, санаториялық-курорттық емдеу, тұрғын үй көмегін көрсету секілді. Сондай-ақ спорт саласының мамандары үшін де қолжетімді. Көмек еңбек өтілі мен спорттағы жетістіктеріне қарай берілмек.

Нұрлыбек Утепбергенов,  Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы Спорт ұйымдарының қызметін үйлестіру бөлімінің басшысы: «Спорт саласындағы скорингтік жобаға енгізілген мемлекеттік қызметті атап өтетін болсақ ол спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы материалдық қамсыздандыру төлеу. Бұл ҚР азаматтары болып табылатын ҚР аумағында дене шынықтыру және спорт саласында кемінде 20 жыл еңбек өтілі бар спортшылар мен жаттықтырушыларға төленеді. Материалдық қамсыздандыру олимпиада ойындарының тб чемпиондары мен жеңімпаздары және олимпиада ойындары бойынша әлем чемпиондары атағын жеңіп алғандарға және оларды жаттықтырғандарға төленеді. Материалдық қамсыздандыруды дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган төлейді. Ол қызметті алу үшін “Азаматтарға арналған үкімет” Мемлекеттік корпарациясы арқылы немесе үкімет егов веб порталы арқылы жүгінуге болады».

Айта кетейік, бұл әлеуметтік көмек бұрыннан бар төлемдерге әсер етпейді. Зейнетақы, декреттік жәрдемақы немесе басқа да мемлекеттен берілетін төлемдер бұрынғыша төленеді. Бұл пилоттық жоба тек қосымша қолдау үшін.

Ботакөз Әнуар