Әлемдік деңгейдегі Atari гейминг корпорациясы Шымкентте өтетін Global Tech Wave конференциясына қатысады

фото stopgame.ru

Орталық Азиядағы алғашқы ауқымды цифрлық конференция —
Global Tech Wave Central Asia (GTW CA) — ның негізгі серіктестерінің
бірі ретінде аты аңызға айналған Atari компаниясы қатысатынын
мақтанышпен хабарлаймыз. Конференция 2025 жылдың 12-14 қыркүйегі
аралығында Шымкентте өтеді. GTW CA — аймақта теңдесі жоқ, жаңа
форматтағы, орталықтандырылмаған үш күндік бірегей конференция.

GTW CA — бұл технологиялық алпауыттар, стартаптар, креаторлар,
венчурлық қорлар және цифрлық трансформация көшбасшылары бас
қосатын идеялар, инвестициялар, инновациялар мен креатив кеңістігі.

Конференцияда ойын индустриясының дамуымен тікелей
байланысты Atari аңызға айналған ойын корпорациясы таныстырылады.
Atari — видео ойындар тарихындағы ең танымал брендтердің бірі.
Компания 1972 жылы құрылған және цифрлық ойын-сауықтардың
алғашқы дәуірінің символына айналған Pong, Asteroids және Centipede
сияқты культтік ойындарды шығарды. Бүгінде Atari ойын, блокчейн
шешімдері, Web3 және интерактивті цифрлық өнімдер саласында жұмыс
істеп, цифрлық экономиканың жаңа буынындағы инновацияларды
ілгерілетуде.

Конференцияның басты спикері — Jessica Tams, Atari директорлар
кеңесінің мүшесі, кәсіпкер және гейминг пен digital-инновациялар саласы
бойынша халықаралық сарапшы, сондай-ақ, Global Tech Wave
халықаралық деңгейдегі компаниясының негізін қалаушы.

Ол өз сөзінде ойын индустриясының болашағына қатысты
көзқарасымен және Орталық Азияға арналған стратегиясымен бөліседі.
Сонымен қатар, гейминг индустриясы үшін жаңа қоғамдастық болып
саналатын Game nations идеясын таныстырады.

Global Tech Wave Central Asia — бұл тек технологиялық прогресс
платформасы ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның өзіндік мәдени
бірегейлігін бүкіл әлемге танытуға тамаша мүмкіндік.