Отбасы — қоғамның негізгі ұясы. Баланың жан-жақты дамуы мен тәрбиесі ата-ананың басты міндеті болып табылады. Алайда кейбір жағдайларда ата-аналар өз міндеттерін орындамай, баланың құқықтары мен мүдделеріне зиян келтіріп жатады. Мұндай жағдайда заңнамада көзделген нақты шаралар қолданылады. Соның бірі — алимент өндіру және ата-ана құқығын шектеу.
Күні кеше Шымкент қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты талап қоюшы «Қиын өмірлік жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» КММ-нің жауапкер Г.-ға қатысты ата-ана құқығын шектеу және алимент өндіру туралы талап қою бойынша азаматтық ісін қарады.
Талап қоюшы өз талабында жауапкердің кәмелетке толмаған ұлы Г.-ның мектеп әкімшілігінің шағымдарына сәйкес, дәлелді себептерсіз жүйелі түрде сабақтарды қалдырып, оқу орнының ішкі тәртібіне бағынбағанын, сондықтан осы мекемеге орналастырылған. Сонымен қатар, жауапкердің ата-ана міндеттерін орындаудан іс жүзінде бас тартқанын және материалдық көмек көрсетпейтіні туралы жазған. Жауапкер талапты мойындап, алимент төлеуге келісті. Соттың шешімімен, талап қою қанағаттандырылды. Жауапкер Г.-ның ата-ана құқығы шектелді, жауапкерден 2008 жылы туған кәмелетке толмаған ұлының асырауына оның жалақысының немесе өзге де табысының ¼ бөлігі мөлшерінде алимент өндірілді. Сот шешімі заңды күшіне енген. Алимент өндіру мен ата-ана құқығын шектеу — баланың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған маңызды заңдық тетіктер. Әрбір бала — толыққанды өмір сүруге, білім алуға, қауіпсіз ортада өсуге құқылы. Сондықтан қоғам мен мемлекет бала тәрбиесіне жауапсыз қарайтын ата-аналарға қатысты заң шеңберінде тиісті шаралар қабылдауы қажет. Ата-аналық құқық — бұл тек мүмкіндік емес, ең алдымен, жауапкершілік. Алимент — бұл баланың материалдық қамтамасыз етілуін қамтамасыз ету үшін бір ата-анадан екінші ата-анаға төленетін қаржылай көмек. Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне сәйкес, ата-аналар балаларына күтім жасауға және оларды асырауға міндетті.