Алимент төлеу ата-ананың борышы. Ата-аналық міндетін орындамаған жандарға қарастырылар жаза осы. Өкінішке қарай, бүгінде ата-аналық міндетін толық орындамайтын, әсіресе, ажырасқаннан кейін баласын материалдық қолдаусыз қалдыратын жандар көбейіп барады. Мұндай жауапсыздықтың алдын алу үшін мемлекет алимент төлеу міндетін заңмен бекітіп, орындамағандарға түрлі жаза қолдануда.
Алайда көп жағдайда ата-аналар, әсіресе әкелер, ажырасқаннан кейін осы жауапкершілікті мойнынан алып тастағысы келеді. Олардың кейбірі тіпті алимент төлеуден қашып, жұмыс істемейтінін сылтауратып, табысын жасырып, баласына деген міндетін елемей кетеді.
Алимент төлеу – ата-ананың тек борышы ғана емес, бұл – баланың заңмен қорғалатын құқығы. ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне сәйкес, ата-аналар өз балаларын асырауға міндетті. Алимент төлеуден жалтару – баланың құқығын шектеумен тең. Бұл – адамгершілікке де, заңға да қайшы.Қазақстан Республикасының заңнамасында алимент төлемеген азаматтарға бірнеше жаза қарастырылған.
Алимент төлемеу – тек заңдық емес, моральдық та мәселе. Қоғамда мұндай азаматтарға теріс көзқарас қалыптасып келеді. Себебі бұл – өз қанынан жаралған перзентінен безу, оның болашағына бейжай қарау. Сондықтан мұндай жауапкершіліктен жалтару – тек заң бұзу ғана емес, адамгершілік құндылықтарды аяққа таптау.
Ата-аналық міндет – өмір бойғы жауапкершілік. Алимент – баланың нанын, киімін, дәрі-дәрмегін, білімі мен болашағын қамтамасыз ететін қаржы. Одан қашу – өз балаңды қиындыққа итеру. Сондықтан әр ата-ана өз парызын терең түсініп, баласының алдындағы борышын адал атқаруы тиіс. Себебі әрбір баланың бақытты болуға, қамқорлық көруге құқығы бар.
Жуырда Шымкент қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты талап қоюшы «Қиын өмірлік жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» КММ-нің жауапкер Г.-ға қатысты ата-ана құқығын шектеу және алимент өндіру туралы талап қою бойынша азаматтық ісін қарады.
Талап қоюшы өз талабында жауапкердің кәмелетке толмаған ұлы Г.-ның мектеп әкімшілігінің шағымдарына сәйкес, дәлелді себептерсіз жүйелі түрде сабақтарды қалдырып, оқу орнының ішкі тәртібіне бағынбағанын, сондықтан осы мекемеге орналастырылған. Сонымен қатар, жауапкердің ата-ана міндеттерін орындаудан іс жүзінде бас тартқанын және материалдық көмек көрсетпейтіні туралы жазған. Жауапкер талапты мойындап, алимент төлеуге келісті. Соттың шешімімен, талап қою қанағаттандырылды.
Жауапкер Г.-ның ата-ана құқығы шектелді, жауапкерден 2008 жылы туған кәмелетке толмаған ұлының асырауына оның жалақысының немесе өзге де табысының ¼ бөлігі мөлшерінде алимент өндірілді.
Сот шешімі заңды күшіне енген.