Дүниежүзілік тазалық күніне орай республикалық тазалық акциясы өткізіледі

фото ШӨКҚ

20 қыркүйек күні елімізде World Cleanup Day – Дүниежүзілік тазалық күніне орай республикалық тазалық акциясы өткізіледі.

Бұл – тек айналаны жинау емес, бұл табиғатқа деген жанашырлықты білдіретін, ұрпаққа таза әрі қауіпсіз орта қалдыру жолындағы ортақ жауапкершілік!

Барша қала тұрғындарын тазалық күніне белсене атсалысуға шақырамыз!

Тазалық – ортақ іс. Табиғат – аманат.

20 қыркүйек – белсенділік танытайық!