Әл-Фараби ауданында 5 мың адам тазалық акциясына қатысты

32

«Дүниежүзілік тазалық күніне” орай ұйымдастырылған сенбілікке Әл-Фараби ауданынан 5000-ға жуық адам қатысты. Тазалық акциясына аймаққа қарасты барлық ірі мекемелер атсалысты.

Сондай-ақ, онда мыңнан астам студент пен 250 коммуналдық жұмысшы және 80 арнайы техника жұмылдырылды. Сенбілікте саябақтар мен гүлзарлар, аула мен көшелер, ирригациялық арықтар қоқыстан тазартылды. Әр мекемеге арнайы аумақ бөлініп беріліп, нәтижесінде 485 м3 қоқыс қала сыртына шығарылды.