Кәсіпкерлер мен инвесторларды қолдауда атқарылған жұмыстардың тиімділігіне қатысты өткізілетін дөңгелек үстел өтеді

фото baq.kz

 

Кәсіпкерлер мен инвесторларды қолдауда атқарылған жұмыстардың тиімділігіне қатысты өткізілетін дөңгелек үстелге

ШАҚЫРУ

 

Өтетін күні: 2025 жылы 5 қыркүйек

Өтетін орны: «Qyzgaldaq saraiy» (Шымкент қаласы, Алатау батыр көш. 101/1)

Басталуы: сағат 10:00

 

2025 жылғы 5 қыркүйек күні Шымкент қаласының «Qyzgaldaq saraiy» ғимаратында кәсіпкерлер мен инвесторларды қолдауда атқарылған жұмыстардың тиімділігіне қатысты дөңгелек үстел өтеді.

Іс-шараға мемлекеттік органдар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері және кәсіпкерлер мен инвесторлар қатысады.

Дөңгелек үстел алдында сағат 09:00-10:00 аралығында индустриялық және арнайы экономикалық аймақтардың атқарылып жатқан жұмыстары, шығарылған өнімдері таныстырылады.

Жиын барысында кәсіпкерлікті қолдауда атқарылған жұмыстар, жаңа Салық кодексінің кәсіпкерлерге қатысты ерекшеліктері атап өтіледі, сондай-ақ, кәсіпкерлікті дамытуға үлес қосқан тұлғаларды марапаттау рәсімі ұйымдастырылады.

 

Шымкент қаласының прокуратурасы