Психотроптық заттарды жеке автокөлігімен тасымалдаған…

Фото: freepik.com
Түркістан облысының ҚІЖМАС сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296 бабының 4 бөлігімен, 24 бабының 3 бөлігімен, 286 бабының 4 бөлігімен айыпталған шетел азаматы К.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
 
Сотталушы К., аса ірі мөлшерде есірткі және психотроптық заттарды заңсыз сақтап, өзінің жеке автокөлігімен тасымалдап, Сарыағаш ауданында орналасқан Жібек – жолы мемлекеттік шекара бекетінен өту кезінде, қызметтік іздестіру иттері, тыйым салынған заттарды анықтап белгі берген.
Нәтижесінде К.-нің қол сөмкесінен:
— салмағы 0,0642 гр. – гашиш;
— 0,1156 гр. және 0,0810,гр. — кептірілген марихуана. Автокөлігін тінту кезінде, жасырылған күйде:
— салмағы 56,22 гр. – мефедрон;
— 3,23 гр. – гашиш;
— 1,40 гр. — кептірілген марихуана анықталды.
 
Прокурор – К. бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды сұрады.
Сотталушы К. кінәсін ішінара мойындап, жеңіл жаза тағайындауды сұрады.
Сот, сотталушыға жаза тағайындау кезінде, оның жазасын жеңілдететін мән-жайға өкінуін, жас балаларының болуын таныды.
Ауырлататын мән-жайлар анықталмады.
12 шілде 2025 жылы сот үкімен: К.-ға жалпы 13 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Маркасы «CHEVROLET COBALT» автокөлік мемлекет пайдасына тәркіленді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.