Қоғамдық орындарда бет-әлпетті толықтай жабатын киімдерді киюге тыйым салатын заң күшіне енді

фото ШӨКҚ
Заңның мақсаты — қауіпсіздікті және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету. Бұл ретте діни сенім бостандығын шектеу туралы сөз қозғалмайды.
Тыйым тек бет-әлпетті толықтай жауып, жеке тұлғаны тануға кедергі келтіретін киімдерге қатысты. Бұған маскалар, балаклавалар, никабтар жатады. Ал хиджаб, шейла, химар, аль-амира сияқты жүзді жаппайтын киімдер заңға қайшы емес.
Тыйым салынған киімдер:
балаклава;
бет-әлпетті толықтай жауып тұратын маскалар;
никаб және тұлғаны тануға кедергі келтіретін басқа да киімдер.
Рұқсат етілгені:
Бетті жаппайтын діни киімдер: хиджаб, шейла, химар, аль-амира және басқалары. Бұл киімдер заңды бұзбайды және еркін пайдаланылуы мүмкін.
Тыйым қолданылмайтын жағдайлар:
Суық ауа райында бетті шарфпен немесе орамалмен жабуға болады;
Медициналық көрсеткіштер бойынша бетперде тағуға рұқсат етіледі;
Жұмыс барысында немесе қызметте қорғаныс құралдарын (респиратор, противогаз және т.б.) қолдануға кедергі келтірмейді;
Спорттық және мәдени іс-шараларда — мысалы, әртістер немесе аниматорлар үшін — бет жабуға рұқсат етіледі.
Маңыздысы — бұл норма азаматтардың құқықтарын шектемейді.