«Леди М» дизайнерлік киім салонында – мерейтой

702

Шымкенттегі «Леди М» дизайнерлік киімдер салоны жаңа топтамасын ұсынады. Әйелдер үшін күз маусымына арналған киімдер әзірленген. Мұнымен сән әлемінің ұжымы 1 жылдық меретойында таныстырды. Ал жаңа топтаманы тамашалаған көпшілік заманауи киімдерге тапсырыс берді.

Сән мен сымбат, заманауи үлгідегі топтамалар, күз маусымына арналған киімдер осында. Алыстан қарап-ақ «Леди М» дизайнерлік киімдер салонының қолтаңбасы екенін байқауға болады. Мұндай сапалы, сәнді, ең бастысы қайталанбас киімдерді бұл күні модельдер киіп, көптің алдындатаныстырды.

Лаура Қадірова: «Маған өте ұнады. Әсіресе күзгі костюмдер. Киіп жүргенде ыңғайлы, матасы да жақсы екен. Өзім міндетті түрде сол киімді сатып аламын».

«Леди М» дизайнерлік киімдер салоны осыдан 1 жыл бұрын жұмысын бастаған. Алғашында шағын тігін шеберханасы ретінде ашылғанымен, бүгінде өнімдері көптің сұранасына ие болып, динайнерлік салонның ауқымы анағұрлым артқан.

3
Мөлдір Иманбекова, «Леди М» дизайнерлік киім салонының шебері: «Біз мұнда дайын киімдерді ғана ұсынбаймыз. Тұтынушылының талғамын ескере отырып, қалаған сәні мен үлгісі бойынша жұмыс жасаймыз. Жұмыла кеңес отырып сол мезетте тігіп береміз. Соңғы сән әлемін кеңінен пайдаланамыз. Ең бастысы, киімдердің сапасына кепілдік бере аламыз. Себебі маталар Италия, Қытай, Түркия, Корея сынды елдерден әкелінеді».

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=8kSO9vfo5Ww[/youtube]

Меретой аясында қыз-келіншектердің құрметіне ұтыс ойнатылды. Көпшілік бағалы сыйлықтарды еншіледі. Оның ішінде тұтынушылар үшін 5000 мен 25000 теңге аралығында салонның арнайы жеңілдік сертификаты табысталды.

Айта өтейік, енді осы дизайнерлік киімдерді шаһарымыздағы «Әл Фараби» және «Рахима -Плаза» сауда үйінен сатып алуға болады. Ал «Леди М» салонының өзі «Самал -1» шағынауданы, Рысқұлов көшесінің бойында орналасқан.