Шымкентте «Мал ұрлығы» бойынша 147 әкімшілік хаттама толтырылған

фото ШПД

 

Бүгінде мал ұрлығының алдын алу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Осыған орай арнайы шаралар ұйымдастырылуда. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің және департамент бастығының нұсқауына сәйкес, Шымкент қаласының Полиция департаменті мал ұрлығына қарсы күресті күшейту мақсатында арнайы топтар құрды.

Бұл топтар: Мал ұрлығының алдын алу және жолын кесу, Тасымалданатын малдың меншік иесін анықтау, Мал мен ет өнімдерін тасымалдайтын көліктерді, сондай-ақ ет сататын және мал соятын орындарды тексеру сияқты жұмыстарды жүргізуде. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің және департамент бастығының нұсқауына сәйкес, мал ұрлығына қарсы іс-қимыл шаралары аясында Шымкент қаласының Полиция департаменті құрылымдарымен арнайы топтар құрылып, кешенді жұмыстар жүргізілуде.

Аталған іс-шаралар барысында: 18 шаруа қожалығы, 64 ет сататын орын, 12 мал тасымалдаушы автокөлік, Мал сою орындары тексерілді. Шымкент қаласы Полиция департаментінің барлық қызмет салалары мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жұмылдырылып, жұмыс қарқыны күшейтілді. Сонымен қатар, ветеринариялық қызметпен бірлесіп, төрт түлік малды тиісті құжаттарсыз тасымалдау, мал сою және ет сатуға арналған ветеринариялық сертификаттардың бар-жоғы мұқият тексерілуде.

Нәтижесінде, жыл басынан бері 147 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, тиісті хаттамалар толтырылды.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің барлық қызмет салалары мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жұмылдырылып, қарқынды жұмыс жасауға көшті. Сондай-ақ, ветеринария саласымен бірлесіп, құжатсыз төрт түлік малды тасымалдау фактілерін, мал союға және ет сатуға арналған тиісті сертификаттардың бар-жоқтығын анықтап, тексеріп жатыр.

Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, мал ұрлығының алдын алу және болдырмау бағытындағы бақылау шаралары күшейтіле бермек.