Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап қоюшы «Ақ…» ЖШС-гі жауапкер «А.» ЖШС-нен 25 430 288 теңге қарызды, 2 808 740 теңге өсімпұлды және 847 170 теңге мемлекеттік бажды өндіріп алу туралы талап қоюмен жүгінген.
Сот талқылауы барысында тараптар дауды өзара бейбіт жолмен шешуге ниет білдіріп, сотқа татуласу келісімін бекіту туралы өтінішхат жолдады. Сот аталған келісім заңнамаға қайшы келмейтінін, тараптар мен үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбайтынын анықтап, оны бекітті.
Келісімшарттарына сәйкес, жауапкер он жұмыс күні ішінде 25 430 288 теңге қарыз сомасын төлеуге міндеттенді. Келісімді бекіткеннен кейін тараптар өзара талаптары жоқ екенін растап, аталған мәселе бойынша ары қарай сотқа жүгінуден бас тартты.
Сот талқылауы барысында тараптар даулы мәселеге қатысты өзара келісімге келіп, бейбіт жолмен шешуге ниет білдірді. Осыған байланысты, сотқа татуласу келісімін бекіту туралы өтінішхат жолданды. Істі қараған сот тараптардың еркімен жасалған татуласу келісімін мұқият зерделеп, оның Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтінін, сонымен қатар, үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбайтынын анықтады. Нәтижесінде, сот тараптар жасасқан татуласу келісімін бекітіп, азаматтық істі тоқтатты. Бұл іс — азаматтық дауларды бейбіт жолмен шешудің, соның ішінде медиация мен татуласу институттарын қолданудың тиімділігін тағы бір мәрте көрсетті. Сот тараптардың дауды өзара түсіністікпен шешуге бағытталған әрекеттерін оң бағалап, мұндай тәсілдердің қоғамдағы құқықтық мәдениетті арттыруға ықпал ететінін атап өтті.
Тараптар арасында келісім бекітілуіне байланысты, азаматтық іс бойынша іс жүргізу өндірістен тоқтатылды, талап қоюшыға төленген мемлекеттік баж сомасы қайтарылды. Ұйғарым заңды күшіне енген.