Қаратау аудандық №2 ХҚО жаңа ғимаратқа көшті

132

Шымкент қаласының Сайрам тұрғын алабының тұрғындары мемлекеттік қызмет түрлерін Қаратау ауданы, Ибраһим ата көшесіндегі №118/2 ғимараттан ала алады.

«Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ Шымкент қалалық филиалының директоры Данабек Исабековтың айтуынша, аталған ауданның халық саны 60 мыңнан астады. Осыған орай ХҚО-ға келетін азаматтардың көбеюіне байланысты жаңа ғимаратқа көшу қажеттілігі туындаған.

–Біз тұрақты түрде мемлекеттік қызметтердің көрсетілу реті бойынша талдау жасап, азаматтардың ыңғайлылығы үшін ХҚО аумағын кеңейту қажет деген қорытындыға келдік. Енді бұл проблема шешіледі деп ойлаймын және ХҚО-ның көшірілуі мемлекеттік қызметтерді барынша жедел көрсетуге және олардың сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Жаңа ХҚО-да 19 инспектор жұмыс істейді, ал дайын құжаттарды қабылдау және беру үшін 9 жұмыс орны бар. Сондай-ақ, 100 көлікке арналған автотұрақ қарастырылған. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін пандус және шақыру батырмасы жұмыс істейді», – деді Д.Исабеков.

Айта кетейік, Қаратау аудандық №2 ХҚО мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде, яғни жалға алу шығынынсыз жұмыс істейді. Филиал коммуналды қызметтердің ақысын ғана төлейді.

Жалпы, Шымкентте барлығы 11 халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді, оның ішінде 3 мамандандырылған ХҚО және көші-қон қызметін көрсету орталығы бар. Жыл басынан бері №2 ХҚО-да 25 мыңнан астам мемлекеттік қызмет түрі көрсетілген.

ХҚО мекенжайы:

Қаратау ауданы, Ибраһим ата көш, 118/2. Жұмыс кестесі: дс-жм, 09:00-ден 18.00-ге дейін, үзіліссіз.

 

QAINAR KÓZ«Азаматтарға арналған үкімет» МК ҚЕ АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі