Күз мезгілінде коммуналшылардың жұмысы көбейеді

65

Күз мезгілінің соңғы айында күн сәулесіне жылынып, табиғат аясында серуен құрғандардардың қатары артқан.

Демалыс орындарында аға буын өкілдері орындықтарда тынықса, жастар болса, доп ойнап көңіл көтеруде. Ал коммуналдық сала қызметкерлері ағаштардан түскен жапырақтарды жинаумен әлек. Орталық саябағы аумағындағы жасыл желек, газондарға күтім жасау міндеті осындағы 13 қызметкерге жүктелген.

Тәліпбек Әлжанов, «БилдСтрой» ЖШС -нің шебері: «Күз маусымында жұмысымыз көбейеді. Күнделікті екі көлік жапырақ жинап, шығарамыз. Уақытында  жинамасақ, газондар шіріп кетеді.  Саябақтың аумағы 8,5 га. 4,5 гектарында біздің қызметкерлер сыпырады, жапырақтарды жинайды, тырысып жатырмыз. Адамдар да алғысын жаудырады, таза болып қалды деп».

Шынар Оразова