Самбошылардың соңғы 7 жылда жетпеген жетістігі

368
Азия чемпиондарын бір қауым ел күтіп алды

Самбо күресінен Сеулде өткен жарыста 12 елден 350 палуан сынға түсіп, олардың арасынан оңтүстіктің қос палуаны үздік танылды. Азамат Қыпшақбаев пен Гаухар Тұрмаханова да өз салмағында қарсыластарынан басым болды. Нышанбай Құдайбергенов та еліне құр қайтпады. Жерлесіміз күмістен алқа тақты. Енді Азамат жақын күндері Минскте өтетін оқу жаттығу жиынына жол тартады. Содан кейін Мәскеудегі дзюдо күресінен Гранд слем жарысында сынға түсетін болады.

Азия чемпиондарын бір қауым ел күтіп алды
Азия чемпиондарын бір қауым ел күтіп алды

Таңғы сағат алтындан бері қолдарына гүлін алып, самбо күресінен Азия чемпиондарының туыстары жолға қараумен болды.

Азамат Қыпшақбаевтың ата-анасы Төле би ауданынан арнайы келіп отыр. Ұлы Кореяда өткен байрақты жарыстан жүлдемен оралуда. 82 келілер арасында жерлесіміз алтыннан алқа таға білді.

Азамат Қыпшақбаев, самбодан Азия чемпионы: «Ең алдымен моңғолмен шықтым. Өте қиын болды. Содан кейін корея палуаны, кілем иесімен кездестім. Сол себепті де ауыр тиді. Ақтық сында тәжікстандықпен бөлдестім. Алдағы жоспарым дайындығымды жалғастырып, Олимпиада шыңынан көтерілсем деймін».

Чемпиондарды құшағына басып, оңтүстік жұртшылығы самбошыларды жеңісімен құттықтауда. Жиналағандардың қуанышында шек жоқ. Өйткені соңғы жеті жыл ішінде шымкенттіктер Азия чемпионатында алтын медальға қол жеткізе қоймапты.

Гаухар Тұрмаханова, самбодан Азия чемпионы: «Екі белдесу өткізіп, бағым жанып чемпион атандым. Кішкентай кезімнен спорттың осы түріне құмар болып, алдағы уақытта мақсатыма жетсем деп армандаймын».

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=rqEf0o2_xME[/youtube]