Облыста көшет шаруашылығы қолға алына бастады

859
бақша тамшылатып суару әдісімен суралыады
бақша тамшылатып суару  әдісімен суралыады
бақша тамшылатып суару әдісімен суралыады

Қазығұрт ауданындағы «Қызылқия су» ЖШС-і көшет шаруашылығын ұршықтай иіріп отыр.

Серiктестiк түркиялық «Gulbudak» компаниясымен келiсiмшартқа отырған. Сол елден өнiмдiлiгi жоғары алма көшеттерiн әкелiп, 8,6 гектар алқапқа тамшылатып суару әдiсi арқылы отырғызыпты.

«Голден делишес», «Ред делишес», «Гала» секiлдi тұқымдар 3 жылдан кейiн гектарынан 25-30 тоннаға дейiн алма бередi екен.

30 шақты адамды жұмыспен қамтып отырған серіктестік алдағы уақытта облыстың өзге аудандарын да көшетпен қамтуды жоспарлап отыр.