«Менің Қазақстаным» ән байқауының жеңімпаздары анықталды

1295
"Менің Қазақстаным" ән байқауы басталды

Арыс жағасында ретро фестивалі «Менің Қазақстаным»облыстық ән байқауына ұласты. Биыл 17-рет ұйымдастырылған ән додасында аудан қалалардан іріктелген 26 үміткер бақ сынайды. Белгілі композитор Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған бұл байқау арқылы талай өнер жұлдыздар қанат қақты. 

"Менің Қазақстаным" ән байқауы басталды
«Менің Қазақстаным» ән байқауына 26 үміткер жолдама алған

Күлия Айдарбекова, Облыстық мәдениет басқармасының басшысы: «Арнайы конкурс жыл сайын өткізіледі. Әр жылы танылмаған таланттар шығады. Біздің өңірде ешқандай таланттар тасада қалмауы тиіс. Бұл үшін Шәмші ағасының атындағы «Менің қазақстаным» конкурс ы көмектеседі. Нағыз таланттарды анықтайды. Бұдан бөлек өзге өңірлерден келген әншілер де өздерін, дауыстарын көрсетуге мүмкіндігі мол».

Биылғы фестивальдің әдеттегі дәстүрі – міндетті түрде Шәмшінің бір әні орындалды. Содан кейін, дәстүрлі әнге кезек берілді. Бұған қоса  байқау төрешілері алдын-ала Оңтүстіктің «Біз естімеген дәстүрлі әні» орындалған жағдайда бағалайтындарын жеткізді. Айта кетейік, 5 адамнан құралған қазылар алқасына сазгер Қалдыбек Құрманәлиев төрайымдық етті.

Соңғы үш жылда да халықаралық «Менің Қазақстаным» байқауынан бас жүлдені қолдан бермеген Оңтүстіктің тумалары бұл жылы да нағыз күміс көмей әншінің іріктелетініне сенімді. Сонымен, Ұлы сазгердің әндерін насихаттауға бағытталған сайыстың бас жүлдесін Қазығұрттың өнерпазы Жеңіс Бертаев иеленді. 1-орынды Бәйдібек ауданының таланты Айжан Жүсіпбекова жеңіп алды. 2-орынды шымкенттік әншілер – Қамар Жұмағалиева мен Нұрдәулет Көптілеу өзара бөлісті. 3-орынға Қасымхан Тәңірбергенов (Шымкент қаласы), Сымбат Рахманбердиев (Отырар ауданы), Жансерік Тұзақбай (Сарыағаш ауданы), Салтанат Жұмаділдаева (Шымкент қаласы) лайық деп табылды. Ал өзге де қатысушылар қатысқаны үшін арнайы дипломдармен марапатталды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=NYAZdxchOU8[/youtube]