АНОНС Жаңалықтар 

Қару тапсырғандарға 18 миллион теңге төленді

ОҚО-да қылмыстың алдын алу мақсатында ОҚО ІІД-нің полиция қызметкерлері қару-жарақпен жасалынатын қылмыстардың санын азайтуға, сондай-ақ халықтың ІІО-на қаруды ерікті түрде беруіне бағытталған жедел алдын-алу және басқа да іс-шаралар өткізді. Өткен 2017 жылы акция өткізу барысында ОҚО-ның тұрғындары ерікті түрде Ішкі істер органдарына 380 қару-жарақтар мен басқа да қарулар тапсырылған. Полицейлер қаруды ерікті түрде тапсырған азаматтарға сыйақы ретінде жалпы соммасы шамамен 18 миллион теңге төледі. Айтпақшы, бұл республика үшін ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Одан бөлек, ОҚО ІІД-нің Әкімшілік полиция басқармасы қызығушылық танытқан қызметтермен бірлесе қару-жарақтар мен оқ-дәрілердің заңсыз айналымын анықтау және…

Read More
Түркістанда шолақ мылтықпен жүрген колледж студенті ұсталды АНОНС Жаңалықтар 

Түркістанда шолақ мылтықпен жүрген колледж студенті ұсталды

Түркістан қаласының тәртіп сақшылары колледж студентінен аңшы шолақ мылтығын тәркіледі. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды. Жергілікті полиция қызметкерлері қала көшелерінің бірінде қызмет барысында Кентау қаласының 18 жасар тұрғынының басқаруындағы «Мерседес» автокөлігін тоқтатқан. Құжаттарын тексеру барысында полицейлер автокөлік жүргізушісінен шолақ мылтықты анықтап, тәркіледі. Өзі колледжде оқитын бозбала шолақ мылтықты Кентау қаласынан тауып алдым деп түсіндіріпті. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін күдікті қалалық ішкі істер басқармасына жеткізілді. Аталған факті бойынша «Қаруды заңсыз сақтау, тасымалдау және алып жүру» бабына сай бірыңғай тізілімге тіркелді. Айғақты заттар тәркіленіп алынған. Бірқатар сараптамалар тағайындалды.…

Read More
АНОНС Жаңалықтар 

Шымкентте қару асынған жасөспірімдер ұсталды

Шымкентте қару асынған жасөспірімдер ұсталды. Абай полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының қызметкерлері түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз бейсауат жүрген 4 жасөспірімді байқайды. Тәртіп сақшыларының күдігі бекер емес екен. Республика даңғылының бойында қолға түскен 1999 және 2000 жылғы жасөспірімдер өздерінің бұл жүрістері туралы жақ ашпаған. Тексеру барысында жасөскіндердің бірінің сөмкесінен аңшылық қаруы, травматикалық екі тапанша, бірнеше оқ, қанжар мен бетперде табылды. Тәртіп сақшылары мұздай қаруланған бозбалаларды Абай полиция бөліміне жеткізді. Осы фактіге байланысты қылмысты кодекстің 287-бабы (қаруды, жарылғыш заттарды заңсыз алып жүру, сақтау, өткізу) бойынша іс қозғалды. Айғақты заттар тәркіленіп алынған. Қазіргі уақытта…

Read More
АНОНС Жаңалықтар 

Үйлену тойында атыс болды

Бұрындары той төбелеспен аяқталатын болса, бүгінде атыспен аяқтау ішінара орын алып, көңілге үрей ұялатып жүр. Күні кеше Сайрам ауданында тойда атыс болды. Қонақтардың зәре құтын қашырған оқиға Ақсукент елді мекеніндегі мейрамханалардың бірінде орын алған. Жас жігіттер тойға келген көпшілік қауымға өздерінің «мықты» екендіктерін көрсеткісі келді ме екен, қарудан аспанға бірнеше рет оқ атқан. Нәтижесінде атылған оқтың бірі «Бентли» автокөлігіне тиіп, одан жанамалап шашыраған бытыра 65 және 21 жастағы екі әйелге тиген. Дене жарақаттарын алған жәбірленушілер дәрігер көмегіне жүгінген. Жарақаттары аса ауыр болмағандықтан, алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен соң үйлеріне қайтарылған. Әрине,…

Read More
Жаңалықтар 

Қаруына ие болмаған құрықталады

Күнделікті жаңалықты қарап отырып, «атып кетіпті», «қарумен қорқытыпты», «қару асыныпты», «әлімжеттік көрсетіпті» деген сұмдық оқиғаларды естиміз. Министрлiктiң дерегi бойынша соңғы 6 жылда травматикалық қарумен жасалған қылмыстардың саны 8 есеге өскен. Қарудан оқ ататындардың арасында жасөспiрiмдер де бар. Бұдан бөлек әскери шендегілер берілген қару-жараққа жауапкершілксіз қарауынан жапа шеккендер бар. Жуырда Шымкент гарнизоны әскери сотында шекарашылардың қаруынан ажал құшқан 6 жасар балаға қатысты іс қаралып, үкім шықты. Оқыс жағдай осы жылдың 8-ақпанында болған еді. Ойын баласы әкесінің қызметтік қаруынан ажал құшқан. Осы оқиғаға қатысы бар бес шекарашының үстінен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу…

Read More
Оңтүстікте ірі көлемде ақша бопсалаған азамат ұсталды Оқыс оқиға 

Оңтүстікте ірі көлемде ақша бопсалаған азамат ұсталды

Оңтүстіктің полицейлері үлкен сомада ақша бопсалаған 54 жастағы азаматты ұстады. Бұл туралы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды. ОҚО ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына Сайрам ауданының жергілікті тұрғыны арызданған. Бизнесмен өз арызында кәсібіне тыныштық бермей отырған азамат 1 миллион АҚШ долларын бопсалағанын көрсеткен. Аталған жайт сотқа дейінгі бірыңғай тіркеу реестрінде тіркеліп, қылмысты кодекстің 194-бабы (қорқытып алу) бойынша қылмысты іс қозғалады. Жедел іс-шара жүргізу барысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері күдікті ретінде 1963 жылы туылған Сайрам ауданының тұрғынын өз үйінде 9 миллион теңгені қолма-қол алу барысында ұстады.…

Read More