Мақтааралда мақта тұқымы тапшы Жаңалықтар 

Шаруалар: «Мақтааралда мақта тұқымы тапшы»

Оңтүстікте мақта тұқымы тапшы. Мырзашөлдік шаруалар егін науқаны жақындағанда осындай кедергіге тап болып отыр. Жер емген дихандар өңірде шит жетіспейді, тапқан күнде де тұқымның бағасы удай қымбат деп дабыл қағады. Шаруалардың сөзіне сенсек, арзан бағада тұқым сататын жергілікті мекемелер күні ертең дайын өнімді қабылдау кезінде мақтаның бағасын төмендетіп жібереді деп қауіптенеді. Оншақты жылдан бері 13 гектар алқапқа мақта егіп келген Жұрынбаевтар отбасы биыл дал болып отыр. «Жерді баптап, егін науқанын күтіп жүргенде тұқым бағасы шарықтап кетті» дейді шаруа. «Он гектардан асатын егін алқабына орташа есеппен 300 келі шит қажет, оны сатып…

Read More
Жаңалықтар 

Оңтүстіктің оқушыларына оқулық жетпей қалуы мүмкін

Мектепке қажетті оқу құралдарын сатып алуға қаржы жетпей қалуы мүмкін. Бұл туралы қалалық білім бөлімінің мамандары мәлімдеді. Білім және ғылым министрлігінің талаптарына сай, биыл бірқатар пәндер бойынша оқулықтарды жаңалау қажет. Ал жергілікті бюджетте жаңа кітаптарды сатып алуға ақша әзірге жоқ. Сонымен, Оңтүстікте оқулықтың жетіспеушілігі сезілуде. Әзірге тек 4,5,6 және 11-сынып оқушыларын кітаппен толық қамту мүмкін болып тұр. Жетім балалар, жартылай жетім оқушылар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, әлеуметтік ахуалы төмен отбасылардан шыққан оқушылар оқулықтарды толық алуы тиіс. Қалған шәкірттерге күте тұруға тура келеді. Оқулық мәселесі әлі шешілу үстінде. Қадырхан Арысбеков, қалалық…

Read More
Жаңалықтар 

Жанармай тағы да қымбаттамақ

Шымкенттік жүргiзушiлер жанармай құятын орындардағы баға көрсеткiштерiндегі үш мәндi сандарға дағдылана бастағаны осы еді, енді тағы бір жаңа көрсеткіштерге көз үйретулеруне тура келеді. Мамандардың пайымдауынша сұйық отынның құны сәуiрде қайта жоғарылайды екен. Келесі айда Ресейде бiздiң нарықтағы жанармайға акциздер қымбаттайды. Қайыпбек Қамбаров, «Жанар жағармай»  ассоциациясының төрағасы: «Бiз Ресейге аздап бағынышты болғанымызбен, өзіміздің экономикамыз бар. Мұнайды министрлiк дұрыстайды. Дегенмен көтерме және бөлшек бағаны реттеу керек деп ойлаймын. Қазір бізде министрлік пен облыс басшыларының жан-жақты дайындалған арнайы жоспары мен сызбасы бар. Онда аудандардағы бекеттерге қанша және қалай жанармай таратудың жолдары қарастырылған». Қазақстанда шығарылатын жанармай…

Read More
Жаңалықтар 

Балабақша кезегі жылжып жатыр ма?

Шымкент қаласында мектепке дейінгі жастағы 110 308 бала бар. Оның 26 978-і ғана мектепке дейінгі мекемелерге тартылған. «Балапан» бағдарламасы бойынша 3-6 жас аралығындағы 25 478 бала бөбекжаймен қамтылған. Ал 45 мың бала балабақша кезегінде тұр. Олардың ата-анасын кезектің жылжуы алаңдатып отыр. Өткен, яғни 2011 жылдың еншісіндегі 45 мың бала биылғы жылдың кезегін бастап тұр. Ұлу жылы басталғалы бері бұл тізімге үмітпен келіп, тіркеліп жатқандары тағы бар. Бұл кезек осыдан жеті жыл бұрын, яғни 2005 жылы түзілген. Оған дейін азаматтар кезекке тұруды білмейтін, десе де араға екі-үш жыл салысымен-ақ кезекке тұрушылардың…

Read More
Жаңалықтар 

Шымкенттік АЖБ-де сұйықмай қоры жеткілікті

ОҚО сұйықмай тапшылығы біткен сияқты. Өйткені авто жанармай құю бекеттеріндегі қормен қыстан қорықпай шығуға болады. Сарапшылар сұйық отын бағасының тұрақтанатындығына сенімді. Бүгінгі таңда шымкенттік авто жанармай құю бекеттерінде тапшылық сезілмейді. Ұзын-сонар кезек те жоқ. Жүргізушілер темір тұлпарларына еш кедергісіз сұйық отын құйып жүр. Оған бекеттердегі қызметкерлердің тыныштығын қосыңыз. Жұмыс өз режимінде жүріп жатыр. Сарапшылардың айтуынша, облыс аумағында сұйық отын енді қыспаққа алмайды. Өйткені ауылшаруашылығы жұмыстарының аяқталғаны тауар қорының көптеп артылуына өз ықпалын тигізіп тұр. Қайыпбек Қамбаров, ОҚО АЖБ ассоциациясының президенті: «Министрліктің шешімімен өңірімізге 39 мың тонна сұйық отын жеткізілуде, оның…

Read More
Жаңалықтар 

Шымкенттегі жанар жағармай құю бекеттеріндегі дүрбелең аздап бәсеңдеді

Сұйық отын еркін саудада бар, баға да өзгермеген. Ең көп қолданыстағы АИ 92 маркалы бензин 106 теңгеден сатылуда. Жанар май тапшылығының сейілгенін көшедегі машиналардың көптігінен де байқауға болады. Күні кешегі жағдай көлік иелерін аздап ойлантып тастаған еді.  Жанар жағармай құю бекеттерінің қожайындары енді жанар-жағармайды тікелей ресурс иелерінен алатын болады. Оған дәлел тек «Петро Казақстан» сауда үйімен жасалған жеке сауда жасауға бағытталған 86 келісім шарт. «Петро Казақстан»  ОҚО АЖБ тапсырыс орындаушыларына 13,5 тонна  жанармайды тиеуге дайын. Оның 9 тоннасы солярка болса, 3 тоннасы АИ-92 маркалы бензин, ал 2,5 тоннасы АИ-80. Сондай-ақ жанармай…

Read More