Жолаушылар көлігіне қатысты қоғамдық тыңдау өтті Жаңалықтар 

Жолаушылар көлігіне қатысты қоғамдық тыңдау өтті

Шымкентті Лас-Вегасқа айналдыруды армандаған Ғабидолла Әбдірахымов бастаған жобалардың бірі — қоғамдық көлік мәдениетін қалыптастыру болатын. Өткен айда әкім шымкенттік шенеуніктерді автобусқа мінгізіп, кемшіліктерді теруге және оны жоюға тапсырма берген болатын. Әкім кеткенімен, тапсырма жарты жолда қалмайтыны ақиқат. Қоғамдық тыңдауға келгендер қоғамдық көлік қызметін дамытуды талқылады. Айта кетейік, қалалық жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімі ұйымдастырған шараға тұрғындар қатыспады. Есесіне көлік компанияларының басшылары, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері келіп, өзекті сауал төңірегінде пікір алмасты. Сондай-ақ, өткен айда өткен акцияның қортындысы баяндалды. Өткен айда арнайы акция жарияланып, қоғамдық көліктің қызметі жіті тексерілді. Қорытындысы көңіл…

Read More
АНОНС Жаңалықтар 

Қоғамдық көлікпен қамтылмай қалған шағынаудандар зерделену үстінде

«Жаңа күн» бағдарламасының бүгінгі қонағы — Шымкент қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әйгерім Жұмағұлова. — Қала әкімі қол астындағыларға қызметтік көліктен бас тартып қоғамдық көлікпен жүруге пәрмен бергеніне көп уақыт бола қойған жоқ. Өзіңіз де қоғамдық көлік қызметін пайдаланып жатқан боларсыз? — Күні кеше мен де оқушы, одан кейін студент болдым. Қоғамдық көлікпен жүрдім. Автокөлікке отырғаныма көп болған жоқ. Бұл проблема маған бұрыннан таныс. Жүргізушілердің жүйіткітіп айдауы, кондукторлардың дөрекі сөйлеуі одан басқа да кем-кетік әлі де шешімін таппай келеді. Бұл бастаманың басты мақсаты да сол аталған мәселені түбейгейлі түбірімен болмаса…

Read More
Шымкентте қоғамдық көлікке қатысты рейд жүруде АНОНС Жаңалықтар 

Шымкентте қоғамдық көлікке қатысты рейд жүруде

«Қоғамдық көлік — қатаң бақылауда!» Шымкентте екі күннен бері өтіп жатқан полиция рейдінің ұраны осындай. Жергілікті полиция қызметкерлері мен әкімдік мамандары бірге жолаушылар көлігін тексеруге шықты. Оның алғашқы нәтижелері де жоқ емес. Қырғы базар, кешкі қарбалас. Осыдан біраз уақыт бұрын жүргізушілердің көбісі бұл жерді айналып өтетін. Оған себеп — қоғамдық көлік пен жеке көліктер араласып, кептеліс болатын да жататын. Енді, міне, екі тәулік болды — жергілікті полиция қызметінің бірнеше экипажы осынау күрделі учаскеде кезекшілікте тұр. Рейд басталғаннан құқық бұзушылықтар анықтала бастады. Мысалы, № 4 бағыттағы көлік жол жүру ережесін бұзды….

Read More
Шымкенттің автобустарында ерекше плакаттар пайда болды АНОНС Жаңалықтар 

Шымкенттің автобустарында ерекше плакаттар пайда болды

Шымкенттің автобустарында ерекше плакаттар пайда болды. Онда қалалық автокөлік жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы Қуатжан Жұматаевтың фотосуреті бар. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлайды. Бөлім басшысы қала тұрғындарына арналған сөзінде 11 желтоқсанға дейін шаһардағы қоғамдық көлік саласында тәртіп орнатуға көпшілік алдында уәде береді. Яғни, автобустардың қозғалу кестесі мен көліктердегі тазалықтың сақталуы қамтамасыз етіліп, жолаушысы көп бағыттарға қосымша көлік бөлінбек. Тұрғындар алдындағы мұндай жеке жауапкершілігі Қуатжан Әзімбайұлының жұмысына қосымша ынталану болмақ. Ал ең бастысы — адамдар енді қаладағы қоғамдық көліктің жұмысына жауапты маманды жақынырақ танитын болады. Соның нәтижесінде жолаушылар…

Read More
Шымкентте жолақы қымбаттамайды АНОНС Жаңалықтар 

Шымкентте жолақы қымбаттамайды

Шымкентте жол жүру қызметінің ақысы қымбаттамайтын болды. Бүгін қоғамдық көлікпен қатынаған шенеуніктер осындай шешіп шығарып, көлік компанияларының басшыларына жол ақысы қымбаттамайтынын қадап айтты. Сондай-ақ, жұмысына салғырт қараған компанияларға ескерту беріп, жыл соңына дейін ескірген көліктерді жаңартуға тапсырма берді. Ал автобустарда компания басшыларының фотосуреті ілініп тұрмақ. Көлік компаниясының басшыларын әкімшілік алдында жиі көрмейсің. Бүгінгі бас қосудың себебін басшылар іштей сезіп отырғандай. Өйткені қала әкімі мен қол астындағы шенеуніктер қоғамдық көлікпен қатынап жүр. Қалалық автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы Қуатжан Жұматаев жиналысты қарапайым халық үшін жақсы жаңалықтан бастады. Шенеунік көлік…

Read More
Green Bus компаниясы төл мерекелерін атап өтті Компания жаңалығы 

Green Bus компаниясы төл мерекелерін атап өтті

Өткен жексенбіде қоғамдық көлік жүргізушілері өз мейрамдарын атап өтті. Жолаушыларды тасымалдап, діттеген жеріне жеткізетін мамандық иелері жыл сайын тамыз айының бірінші жексенбісінде кәсіби мерекелерін қарсы алады. Бұл мейрамды Шымкенттік «Green Bus» компаниясы да ұмыт қалдырған жоқ. Компания басшылары қарапайым қызметкерлер мен жүргізушілер, таңертең әр жүргізушінің денсаулығын қадағалайтын дәрігерлерді арнайы алғыс хатпен марапаттады. «Green Bus» компаниясының қала тұрғындары үшін орны ерекше. Бір түсті автобустар, одан бөлек жүргізушілердің арнайы тігілген киімдері — бәрі бірден көзге түседі. Осы мекемеде ашылғалы қызмет етіп келе жатқан Нұралхан мекеме басшыларына өз рахметін айтуда. Мұнда жұмыс істеуге…

Read More