Шымкентте жаңа пошта бөлімі ашылды

Шымкентте жаңа пошта бөлімі ашылды. “Нұрсәттіктер” енді жол жүрмей-ақ, сәлем-сауқатын жіберіп, қалаған басылымдарына жазыла алады. Бұл бөлімшеге қаламыздағы 13-ші, 21-ші, 15-ші, 4-ші пошта бөлімшелері бірігіп отыр.

«Нұрсәт» шағынауданында пошта байланысының жаңа ғимараты ашылды. Енді “нұрсәттіктер” коммуналдық қызмет, салық төлеу үшін сабылмайды. Хат-хабарды да уақтылы алып, пошталық-қаржылық қызметтің шарапатын көрмек. Бұл пошта мекемесі – қаламызда жыл басынан бері ашылған 4-ші бөлімше.

Мекемеге түсініп-тіркелу үшін келген шағынаудан тұрғындары да аз болған жоқ. Талап-тілегін де айтты олар. Немере қызын ерте келген Рукия Иманова бұл күнді асыға күткендердің бірі.

«Нұрсәттегі» жаңа ғимараттардың алдында абоненттік жәшіктің болмауы – пошташыларға қиындық туғызбақ. Десе де 26 пошташы тұрғындар үйіне жеткізеді. Қаламыздағы 4 бөлімше біріккен орталық Самал, Қайтпас, Нұрсәт, Достық, Тұлпар шағынаудандары мен Дулати көшелеріне толығымен қызметін ұсынатын болады.