Балалар кітапханасы Шымкенттің туған күнін атап өтті

оқырмандар қала күнін атап өтті
оқырмандар қала күнін атап өтті

Елбасымыз Н .Ә. Назарбаев «Оңтүстік-қазақтың қаймағы бұзылмаған жер. Бұл өңір шуақты күнімен халқының жомарттығымен,меймандостығымен,салт-дәстүрге беріктігімен, ең бастысы еңбек сүйгіштігімен ерекшеленеді.Сіздерге әр келген сайын Оңтүстік Қазақстандықтардың өз өлкесін гүлдендірумен,тұрмыс тіршіліктерін жақсарта түсумен қатар, өздерінің негізгі түп тамырын ұмытпай, әдемі жалғастырып жатқанын көремін»,-деген.

Биыл Оңтүстік Қазақстан Облысының 80 жылдығы қарсаңында көптеген мекемелерде түрлі іс-шаралар өтті.

Балалармен жасөспірімдерді Отанын сүюге,патриот етіп тәрбиелеу,өлкеміз туралы кітаптарды насихаттау мақсатында А.П. Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасы № 50 мектеп-гимназиясымен бірігіп, «Даму және балалар күніне» орай «Шырайлы менің -Шымқалам» атты мерекелік кеш өткізді.

Кешті кітапханашы Жақсыбаева Арайлым ашып беріп, №50 мектеп -гимназиясының музыка пәнінің мұғалімі Атабекова Әлима, қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Байзақ Салтанаттың ұйымдастыруымен балалар концерттік бағдарлама ұсынды.

Ән айтылып, би билеп, күмбірлете күй шертіп,сахналық көрініс қойып, өздерінің әртістік қабілеттерін де танытты. Осындай жасөспірімдердің еліне, өнер-білімге деген сүйіспеншілігі арқасында Оңтүстік өңіріміздің келешегі жарқын болары айқын.