Шымкентте 20 жастағы келіншек үшем дүниеге әкелді

322

Шымкентте тағы да үшем дүниеге келді. Қаланың 20 жастағы тұрғыны алғашқы жүктілігінде бірден үш сәбиді өмірге әкелді.

Жас ананы 10-қаңтар күні қалалық перинаталдық орталық дәрігерлері кесір тілігі арқылы босандырып алған. Сәбилердің салмағы 1925, 1625 ,1900 грамм. Бойы 43-47 см аралығында.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бүгінде нәрестелер салмақ қосып, денсаулығы жақсарған. Үшемге ата-анасы Айлу, Саллахаддин, Аль – Сафи деген ерекше есім берген.

Біршама уақыт дәрігерлер бақылауында болған нәрестелер бүгін перзентханадан үйіне шығарылды.