Шымкенттің қақ ортасында оққа ұшқан бозбалалардың ата-анасы әділдік іздейді

457
Әділдік іздеген ата-аналар

Шымкенттің қақ ортасында болған атысқа қатысты жаңа деректер пайда болды. Былтыр тура қадір түні кешінде мешіттен шыққан 17 жастағы Әлімжан Медетбек пен Ақтөре Асылді белгісіз біреулер атып өлтіріп кеткен еді. Тергеушілерді тірлігініе көңілі толмаған жәбірленуші тарап олардың үстінен сотқа шағымданды. Ал бес айдан бері темір торға тоғытылған жалғыз күдіктінің туыстары кеш те болса, марқұм балалардың ата-аналарына бас иіп келді.

Айман Тәттібаева
Айман Тәттібаева

Айман Тәттібаева өз баласының жасаған қылмысы үшін, кешірім сұрап, марқұм Әлімжанның үйіне жиі келетін болды. Ата-анасы кешірім берер ме екен деген үміт. Оның ұлы осы қанды оқиғаға күдікті ретінде ұсталған.

Айман Тәттібаева, күдіктінің анасы: «Өзім апарып бердім полицияға, бұл кісілерден кешірім сұраймын. Әділ жазасын алады. Адам баласымыз, кешірім сұрап, баламды түрмеден суырып әперіңдер демеймін, түсінемін. Тек менің баламның ғана жапа шеккенін қаламаймын, бәрі бірдей жауапқа тартылса деймін».

Оқиға тамыз айында болған еді. Құдайға құлшылық етіп келе жатқан қос бозбалаға, үш жасөспірім оқ жаудырады. Оны белгісіз біреу көпқабатты үй терезінен түсіріп те тұрады. Дәл осы атыс кезінде Ерғали Бөрікбаев та ұлынан айырылды. Ол Құқық қорғаушылардың мардымсыз тірлігіне қарны ашып, бұл күнде тергеушінің қызметін өзі атқарып жүргеніне налиды. Күдіктіні кешірмеймін деп отыр.

Ерғали Бөрікбаев, марқұм Әлімжанның әкесі: «Бұл кісілерге кешірім бергенде еш нарсе өзгермейді. Бала әділ жазасын алу керек. Жалғыз өзі емес, қасында болған төрт бала және оларды айдап салғандарда. Біз балдарымыздың өлгені үшін кінәліміз бе? Неге біз тергеушінің жұмысын өзіміз атқаруымыз керек? Құзырлы органдар кайда?»

Гүлмира Нұртаева
Гүлмира Нұртаева

Ал марқұм Асыл Ақтөренің анасы болса тергеудің әділ өтіп жатқанына күманді. Қылмыскерлер құтылып кетеме деп зар жылайды.

Гүлмира Нұртаева, марқұм Ақтөренің анасы: «Біздің заң қылмыскерлердің артын жауып отыр, олардың ата-аналары өздері балаларын жазалаудың орнына тығып, жасырып отыр. Керек десеңіз, күдікті төртеудің екеуіне заочно болса да кылмыс қозғамаған. Заман не болып бара жатыр. Неге ата-анасы қанішер балаларының артын жабады. Араша түскен олар, ертең біреуді тағы да атпасына кім кепіл?»

Ал қылмыстық іспен айналысып жатқан органдар тергеу жұмыстарының заң бойынша жүргізіліп, 15-қаңтар күні сотқа жолдайтындықтарын жеткізді.

Салтанат Қаракөзова
Салтанат Қаракөзова

 

 

Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД баспасөз хатшысы: «Ауыр қылмысқа байланысты екі күдікті азамат бар.Біреуі 1994 жылы, екіншісі 1995 жылы туылған.  Екеуіде Шымкент қаласының тұрғындары. Біреуі қазір қамауда. Ал екінші күдікті кәмелетке толмаған соң, прокуратураның санкциясымен сыртқа шығуы шектелген. Осы қылмыстық іс 15-қаңтар күні сотқа жіберіледі».

 

 

Іс оңға баспаса шымкенттің қақ ортасында оққа ұшып қаза тапқан Әлімжан мен Ақтөренің ата-анасы әділдік іздеп, халықаралық ұйымдарға шағымданбақшы.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=Z1NEt_kTnCM[/youtube]