Шымкентте балаларды тонап келген келіншек ұсталды

234
Күдікті азаматша

Шымкентте жас қыздарды алдап, тонап келген келіншек қолға түсті. Ол қыздарды оңаша жерге апарып, құлақтарындағы сырғаларын алдап, алған. Орнына сапасызын беріп, кетіп қалады. Осылайша 30-дан астам жас қызды алдағаны анықталып отыр.

Күдікті азаматша
Күдікті азаматша

Бұл алаяқтық туралы полицейлерге алғашқы шағым сәуір айының соңында түскен. 40 жастағы Шымкент тұрғыны аулада ойнап жүрген 5 жасар қызын бір әйелдің алдап, құлағындағы сырғасын алып кеткені жайында арызданған. Арада бірнеше күн өткенде мұндай шағымдардың саны 10-нан асып кетеді. Тәртіп сақшылары шұғыл іздестіру әрекетін жүргізу кезінде күдікті азаматшаны тұтқындады. Тергеу барысында ол өзіне тағылған айыптарды мойындады. Тергеушілердің мәліметінше, жәбірленушілерге келген шығынның көлемі 1 миллион теңгеге жуықтайды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=0Y20NthbHIg[/youtube]