Жалға алып, ломбардқа өткізген: Шымкентте алаяқтық жасаған күдікті ұсталды

фото ile-tany.kz

Еңбекші АПБ-на Түркістан облысының тұрғыны алаяқтық туралы арызданды. Жәбірленуші өзіне тиесілі ойын приставкасын бейтаныс жігітке жалға бергенін, алайда ол уәде етілген уақытта техниканы қайтармай, ізін суытқанын жеткізді.

Приставка  иесіне 400 000 теңге материалдық шығын келген.
Полицейлер арызды тіркеп, күдіктінің жеке басын анықтау үшін бірқатар жедел іс-шаралар жүргізді. Нәтижесінде, ер адам қала аумағында ұсталды.
Ол ойын құралын ломбардқа өткізіп, ақшаны жеке қажетіне жұмсағаны белгілі болды. Сондай-ақ, бұған дейін көлік ұрлағаны үшін сотты болғаны анықталды.
Қазіргі таңда, жәбірленушіге келтірілген шығын толығымен өтелді. Тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Полиция қызметкерлері алаяқтық  жайттарына тап  болмау үшін өз мүлкіңізді бейтаныс адамдарға сеніп тапсырмауды ескертеді.