Шымкенттің қақ ортасындағы жол апатынан мотоцикльші қаза тапты

267
Жол апатының кесірінен мотоцикль мінген жігіт мерт болды

Өткен тәулікте Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 6 жол апаты тіркеліп, соның салдарынан 2 адам опат болған. 5 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Соңы кісі өлімімен аяқталған осындай оқиғаның бірі 23-шілдеден 24-іне қараған түні Жібек жолы көшесінің бойында орын алды.

Жол апатының кесірінен мотоцикль мінген жігіт мерт болды
Жол апатының кесірінен мотоцикль мінген жігіт мерт болды

Мұнда мотоцикль және Тойота джип көлігі соқтығысып қалған. Салдарынан мотоцикль жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында тіл тартпай кетті.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=oqAsM0PDZ6g[/youtube]

Куәлердің айтуынша, мотоцикль осы маңдағы жанармай құю бекетінің жанынан шыққан. Сол кезде бір бүйірден келген Тойотамен соғысады.

Мотоцикль қирап жатыр
Мотоцикль қирап жатыр

Тағы бір ірі жол-көлік оқиғасы қаланың шетінде орын алды. Қайнарбұлақ саяжайына баратын жолда Опель Вектра және Волга көліктері соғысып қалған. Абырой болғанда бұл оқиғадан зардап шеккен адам жоқ. Дегенмен, екі көліктің жүргізушілері мен жолаушылары ерегісіп қалды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=81_fRwvhGgQ[/youtube]

Абырой болғанда оқиға орнына келген тәртіп сақшылары екі жақты ажыратып тастады. Сұрастыра келе Опель жүргізушісінің спирттік ішімдік ішіп алғаны анықталды.

Жол апатының салдарынан көліктер едәуір бүлінді
Жол апатының салдарынан көліктер едәуір бүлінді

Қазір осы екі жол апатының себеп-салдарын жол полициясының анықтаушылары тексеріп жатыр.