Шымкентте жол апаты салдарынан такси көлігі аударылып кетті

480

Шымкентте Mercedes маркалы автокөлігімен соқтығысқан такси көлігі аударылып кетті. Жол апаты Рысқұлов пен Жібек-Жолы көшелерінің қиылысында болған.

«Шұғыл шақырылым» бағдарламасы тілшісінің хабарлауынша, такси көлігінің жолаушысы басынан ауыр жарақат алып, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді.

«Алдын ала мәлімет бойынша, «Мерседес» көлігі Рысқұлов көшесінің бойынан «Котельная» аялдамасына қарай келе жатқан. Nissan Tiida көлігін тізгіндеген такси жүргізушісі «Көктем» базарына қарай бет алған. Соқтығысқаннан кейін такси көлігі жол жиегіне шығып кетіп, аударылды. Көлік жаяу жүргіншілер жолағына бірнеше метр қалғанда тоқтаған,-деді «Шұғыл шақырым» тілшісі.

Екі көлік жүргізушісі де бағдаршамның жасыл түсі жанғанда жолдан өткенін айтып отыр. Енді мән-жайды полиция анықтайтын болады.

Оқиға салдарынан жолда кептеліс пайда болды. Полицейлер көлік қозғалысын реттеу үшін эвакуатор шақырған.