Шымкентте жеңіл көлік пен жолаушылар автобусы соқтығысты

0

Шымкентте Chevrolet Cobalt жеңіл көлігі мен Van Hool маркалы халықаралық бағытта қатынайтын жолаушылар автобусы соқтығысты. Жол апаты кезінде 5 адам зардап шекті. Оның екеуі – кәмелет жасына толмаған балалар.
Оқиғаның мән-жайы туралы «Шұғыл шақырылым» бағдарламасының тілшісіне куәгер айтып берді.

Жол апаты 19 наурыз кешкі сағат шамамен 21.15-те Іляев пен Байтұрсынов көшелерінің қиылысында болған.

Көлік-оқиғасы кезінде аталған екі көше қиылысындағы бағдаршам істемей тұрған.

Соқтығыстан соң Chevrolet көлігінің қауіпсіздік жастығы бірден ашылған. Бұл жүргізушінің ауыр жарақатының алдын алуға көмектескен. Көлік ішінде жүргізушіден бөлек екі балалы әйел болған.

Оқиға орнына келіп жеткен жедел жәрдем бригадасы зардап шеккендердің барлығына алғашқы көмек көрсетті. Абырой болғанда зардап шеккендердің арасында ауыр жарақат алғандар жоқ. Ал автобус ішінде тек жүргізуші болған. Ол ешбір жарақат алмаған.

Полицейлер жол апаты бойынша тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.