Шымкенттіктер қала күнін тойлады (фото)

690

Шымқаланың тұрғындары бір аптадан бері қала күнін кең көлемде тойлады. Жалпықалалық сенбіліктен бастау алған мереке Әл Фараби алаңында қорытындыланды.

snapshot20141020161432

Мерекелік кеш алдымен  флешмобпен басталды. Оған студенттер мен мектеп оқушылары қатысты. Шараға 200-ден астам жас жұмылдырылды. Олар бірдей қимыл жасай отырып,  би биледі.

флешмоб

Одан соң мың бұралған бишілер кештің сәнін кіргізсе, сазды оркестрдің сүйемелдеуімен ән шырқаған әншілер көпшіліктің қошеметіне бөленді.

мың бұралған бишілер

Шымқаланы күмбірлеген күй тербеді
Шымқаланы күмбірлеткен күй

snapshot20141020165454

Шымқаланың туған күнініне арналған мерекелік бағдарламалардың ауқымы кеңейе түсті.

Баялды көзге пайдалы

Тағы бір шеруде алма, алмұрт, алша, қауын-қарбыз, болгар бұрышы, баялды, асқабақ «сап түзеді». Жеміс-жидектердің кейпіне енген мұғалімдер, дәрігерлер, әлеуметтік сала мамандары Тәуке хан және Республика даңғылдарымен, Айбергенов көшесімен жаяу жүріп өтті.

Асқабақ дәруменге бай

 

snapshot20141020170931

Орталық алаңға жеміс-жидектер шеруі ғана емес, жалпы орта мектептің ұстаздарының қолдан жасаған бұйымдары да көрік қосты. Гүлдер көрмесін қала әкімінің өзі аралап көріп, оң бағасын берді.

snapshot20141020160852

Жанды дауыстағы ән кешін сүйер қауым үшін Қазақстан өнер жұлдыздарының шоу-концерті ұйымдастырылды.

Қайрат Түнтеков
Қайрат Түнтеков
Ернар Айдар
Ернар Айдар
Кеш YOU
Кешью тобы
Еркін Нұржанов
Еркін Нұржанов
All Давай
All Давай тобы

Жезтаңдай әншілердің өнеріне қанып қайтқан көрерменнің есінде бұл кеш ұзақ қалатыны сөзсіз.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=Ho2RMVBCFO4[/youtube]