«Әпендінің 5 қатыны»

391
Қойылымға 9 әртіс қатысты

«Әпендінің 5 қатыны». Облыстық әзіл-сықақ және сатира театры осындай тақырыптағы тарихи-комедиялық спектакльді сахналады. Өзбек драматургы Ибрагим Сүдіковтың еңбегін қазақ режиссері Қуандық Қасымов аударған. Қожанасырдың патшамен бәстесіп, 5 әйел алуының әлегі көрініс тапқан премьералық туындыны біз де тамашалап қайттық.

"Әпендінің 5 қатыны" қойылымы
«Әпендінің 5 қатыны» қойылымы

Патшаның әмірі. Бай-бағлан ұсынған ділдәнің дәурені. Әйелдердің қоғамдағы теңсіздігі. Мұндай заман түсінігін көрермен тарихи-комедиялық туындыдан тамашалады. 

Фариза Сейдуәлиева
Фариза Сейдуәлиева

Фариза Сейдуәлиева – театрдың жас әртісі. Мәдениет ошағында 4 жылдан астам тәжірибесі бар өнер иесі бүгін әпендінің бесінші әйелін – Қыршаңқыны сахналады.

Фариза Сейдуәлиева, облыстық әзіл-сықақ және сатиа театрының әртісі: «Көріністердің барлығы да өмірден алынған. Сондықтан шынайы өмірде Қыршаңқы сияқты кез келген дүниені әсірелеп жүретін әйелдер бар деп ойлаймын. Келген көрермендер арасында мені көру арқылы өздерін танып отырғандар да бар шығар. Сондықтан, Қыршаңқы сияқты болмауға тырысады деген сенімдемін.»

Қойылымның оқиға желісі Қожанасырдың патшамен бәстесуі бойынша өрбиді. 60 жастағы әпенді 5 әйел алып, олардың татулығын апалы-сіңлідей етемін дейді. Көпшілік оның айтқанына сенген жоқ. Бірақ Қожанасырдың мұндағы көксегені – патшаның 5 бірдей әйелін өзі алғансып, оларды күңдіктен құтқару, бостандық сыйлау еді.

Марат Оразметов, облыстық әзіл-сықақ және сатира театры директорының орынбасары: «Өзбек шығармасын Қуандық Қасымов аударды. Драматургиялық еңбекте біз оқиға желісіне өзгеріс енгіздік. Мағынасына әйелдердің өмірін қостық. Бұл – қазіргі қоғамға қажет дүние.»

Қойылымға 9 әртіс қатысты
Қойылымға 9 әртіс қатысты

Қойылымды тамашалауға келгендер де комедиялық туындыға тәнті болғанын байқадық. Залдағы көпшіліктің басым бөлігін жастар құрайды.

Марат Бақытбек, көрермен: «Қызықты оқиғаларға толы қойылым екен. Ұнады, әсіресе әртістердің рөлге  еніп, оны шебер сомдауы ұнады. Менің түсінгенім – көп әйел алудың қажеті жоқ сияқты.»

«Әпендінің 5 қатыны» атты пьеса Қожанасырдың 5 әйелді күңдіктен сақтап, оларға азаттық сыйлауымен тәмамадалды. Айта кетейік, аталған тұщымды туынды театрдың алтын қоржынын толықтырды.