Темірторда тәуелсіздік күні тойланды

445
Жазасын өтеушелір концерттік бағдарлама ұйымдастырды

Темірторда тәуелсіздік күні тойланды. Облыстық қылмыстық атқару жүйесіне қарасты 167/11 тергеу изоляторында жазасын өтеушілер мемлекеттік мерекені айрықша атап өтті.

167/11 тергеу изоляторы
167/11 тергеу изоляторы 

Қалыбек Алдиярдың жасы – 19-да. Сөзіне сенсек, бұған дейін қаламыздағы өнер оқу орындарының бірінде білім алған. Дипломы да бар. Жазасын өтеуші мұнда бұзақылық қылмысы бойынша айыпталып түсіпті. Абақтыға 5 жылға қамалған. Жасөспірім бүгінде оның 6 айын ғана өтеді.

Қалыбек Алдияр
Қалыбек Алдияр

Қалыбек Алдияр, жазасын өтеуші: «Сахнада «Көк тудың желбірегені» әнін орындағанда , қобалжыдым. Мұнда жүріп ата-анамды да сағынамын. Менің концерттер мен түрлі іс-шаралар, шаруалар – барлығына қатысуым  уақытымның тез өтуіне көмектеседі. Қазіргі уақытта түрмеде жатқаныммен, шыққан соң, өз мамандығым, яғни мүсінші саласы бойынша қызметке орналасамын. Еліме адал қызмет етемін».

Қылмыстық атқару жүйесіне қарасты 167/11 тергеу изоляторында бүгінде 600-ге жуық адам жатыр. Оның 51-і осында жазасын шаруашылық жұмыстары арқылы өтейді. Тазалық жұмыстарын қоспағанда, асханада, шеберхана мен тігін және аяқ киім цехтарының шаруаларын атқарады.

Фархад Исақбаев, 167/11 тергеу изоляторының бастығы:»Олардың қолдарына кісен салынды деген аты болмаса, мемлекет тарапынан жазаларына сәйкес, күн тәртібімен жұмыстар жасайды. Олардың атқарған шаруасына айына 25 000 теңге жалақы төленеді. Сотталған азаматтар қаржыны туған туыстарына жіберіп отырады. Заң аясында өздеріне керек заттарын алдыртады».

Тәуелсіздік мерекесінің құрметіне, абақтыда жазасын өтеушілерге туыс-жаранмен жолығуға мүмкіндік берілді. «Ашық есік» шарасына ағылғандар көп.

Жазасын өтеушелір концерттік бағдарлама ұйымдастырды
Жазасын өтеушелір концерттік бағдарлама ұйымдастырды

Ханипа Аманбаева, ата-ана: «Баламды көріп көңілім тойып қалады. Жұбанышым да осы балам. Ал балам мені көргенде бостандыққа асығады. Бұл кездесу бізге үлкен өмірге деген құштарлығымызды оятады. Құдай қаласа, балам бұл жерден шықса жақсы жұмысқа тұрып, қызмет етемін деп армандап отыр».

Жазасын өтеушілер түрмеде жазасын шаруашылық жұмыспен өтеп жатыр
Жазасын өтеушілер түрмеде жазасын шаруашылық жұмыспен өтеп жатыр

Теміртордағы тәуелсіздік мерекесі мұндағыларға ерекше серпін сыйлады. Тіпті абақтыдағы дұрыс тәртібі мен шаруашылыққа белсене атсалысқандар арнайы алғыс хатпен марапатталды.