Басқарма басшысына жала жапқан кім?

0
Отырар.кз

Шымкенттің бас дәрігері өзіне жала жабылғанын айтады. Сөзінше қала тұрғыны әлеуметтік желіде медициналық мекемеде емдеу шарасы дұрыс жүргізілмей отырғанын жеткізген.

Сонымен қатар, ол өз сөзінде олқылыққа басқарма басшысының көз жұма қарайтынын да қоса кеткен. Айтулы дерек заңды түрде дәлелін таппағандықтан Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков құзырлы органдарға шағым түсірген.

«Интернетте бір тұрғын шағымданған. Біздің бір медмекемеде «дұрыс қызмет көрсетпеді. Оны мен жауып отырмын» деген сияқты сөз айтты. Жемқорлықпен байланыстырып айтты. Дәрігерлер алды деген. Бірақ олай болмаған. Біздің қызметтік ар ожданға нұқсан келтіреді. Сондықтан полицияға шағымымды білдірдім», – дейді Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков.