2015 жыл – Ардагерлер жылы

816

ТМД елдері бойынша 2015 жыл Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай ардагерлер жылы деп аталады. Бұл айтулы мерекеге дайындықты облыстық ардагерлер кеңесі өткен жылдың соңында бастап жіберген.

001

Алдымен қарттар арасында шығармашылық сайыстар мен түрлі шаралар ұйымдастырылды. Ал ең бастысы – оңтүстікқазақстандық майдангерлердің ерлігі жайлы кітап басып шығару ісі қолға алынды.

Бұл туындыға материалдарды жинақтау 2014 жылдың сәуір айында басталған болатын. Алла бұйыртса, кітап 2015 жылдың ақпанында жарық көреді.

«Қарт жауынгерлердің ескі фотосуреттерінің сапасы аса жақсы емес. Дегенмен, біз оларды басып шығардық. Себебі, бұл ұрпақ үшін жаумен алысқан батырлардың естелігі ғой» дейді ОҚО ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Үрзада Айтөреева. – Бұл кітапта біздің жерлестеріміздің ерлігі жазылған. Олардың қатары күн сайын азайып бара жатқаны өкінішті. Бүгінгі таңда облыста Ұлы Отан соғысының 474 ардагері тұрады. Біздің екі ардагер Мәскеуде 9-мамырда өтетін салтанатты шеруге қатысады деп күтілуде. Ал 14 жерлесіміз Астана қаласындағы Ұлы Жеңістің 70 жылдығын тойлау мерекесіне қатысады.»

Кеңес Одағының Батырлары және «Даңқ» иегерлері:

1. Қауымбаев Тоғамбай.                         1922 жылы туған.   11.07.2014 ж қайтыс болды.  Кеңес Одағының Батыры.

2. Вишневецкий Владимир Михайлович. 1900 ж.т.         28.12.1981 ж қайтыс болды.  Кеңес Одағының Батыры.

3. Бердников Николай Анифимович.        1913 ж.т.          12.07.1983 ж қайтыс болды.  Кеңес Одағының Батыры.

4. Чунтонов Николай Григорьевич.           1925 ж.т.          17.06.1977 ж қайтыс болды.  Кеңес Одағының Батыры.

5. Обухов Анатолий Романович.                 1925 ж.т.          24.04.1997 ж қайтыс болды.  Кеңес Одағының Батыры.

6. Пшеничных Андрей Петрович.              1914 ж.т.          05.05.1992 ж қайтыс болды.  Кеңес Одағының Батыры.

7. Сопляков Михаил Игнатьевич.              1914 ж.т.           26.07.1995 ж қайтыс болды.  Кеңес Одағының Батыры.

8. Кузьмин Валентин Сергеевич.               1921 ж.т.           07.02.1957 ж қайтыс болды.  Кеңес Одағының Батыры.

9. Мордвинцев Сергей Анисимович.       1900 ж.т.           21.04.1963 ж қайтыс болды.  Кеңес Одағының Батыры.

10. Бишовец Иван Никитович.                  1920 ж.т.           04.10.1989 ж қайтыс болды.    Даңқ иегері.

11. Безделев Виктор Васильевич.              1919 ж.т.           03.01.1974 ж қайтыс болды.    Даңқ иегері.

12. Қалтаев Қарабай.                                    1923 ж.т.           24.08.2012 ж қайтыс болды.    Даңқ иегері.

13. Кульков Николай Иванович.             1923 ж.т.           22.05.1974 ж қайтыс болды.    Даңқ иегері.

Осыған орай мамандар жоғарыдағы тізімде көрсетілген ардагерлердің туыстарын, жақындарын немесе таныстарын, сондай-ақ, осы қарт жауынгерлер жайлы кез келген мәлімет білетін жандардың қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласуларын сұрайды.

Бөлімнің мекенжайы: Шымкент қаласы, Жангельдин көшесі, 13 «а». Телефондары: 56-58-27, 56-14-91