Оңтүстікте басқармалар жаңа мекенжайға көшуде

203

Бүгін белгілі болғандай, ақпанның аяғына дейін әкімдіктер мен басқармалар жаңа қоныстарға жайғасуы тиіс. Солардың бірі – облыстық қаржы басқармасы «Нұрсәт» шағынауданындағы әкімшілік-іскерлік орталығына көшті.

011

Басқарманың Тәуке хан даңғылындағы бұрынғы ғимаратына Абай аудандық әкімдігі жайғасты. Ал әкімдіктің бұрынғы ғимаратына Шымкент қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі көшіп келеді. Коммуналдық сала қызметкерлері апта ішінде жаңа қонысқа жайғасуы тиіс. Көш әлі жалғасын табады.