Шымкентте балаларды жүйрік ойлауға үйрететін орталық ашылды

Оңтүстік оқушылары менталды арифметиканы игеретін болады. Бұл – есепті жылдам әрі дұрыс шығаруға бағытталған бағдарлама. Облыста есепке жүйрік, дарынды оқушыларды тәрбиелейтін орталық ашылды. «Адванс» дамыту мектебіне 4 және 17 жас аралығындағы балалар қабылданады. Балаңызды жүйрік ойлауға үйрету ақысы – айына 16 мың теңге. Әзірге мұндай орталық Астана мен Алматы қалалары және Шымкентте ашылған.

Оқу малайзиялық бағдарлама аясында жүргізіледі. Мұғалімдер құрамы – Алматыда арнайы білім алып, тәжірибе жинақтап қайтқандар. Ұстаздардың айтуынша, қабілетсіз балалар болмайды, олардың қызығушылығын оятып, талпындыра буілу керек.

Сонымен қатар мұнда балаларды тек оқуға, әріп тануға үйретеді. Ойлау, көру қабілетін дамытуға көмектеседі. Алайда басымдық есептерді шешуге беріледі.